Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында сайлау учаскесіне тегін такси тасымалдайды.
Мұнда «Алло», «Андрюша», «Миг», «Үштөбе» такси қызметі таңмен таласып, тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасымалдауда. «Алло» такси қызметінде сағат 11-ге дейін 150 тегін қызмет көрсеткен. Ал «Андрюша» такси қызметі 50-ден асса, «Миг», «Үштөбе» такси қызметі де дәл осындай қызмет атқарған. Қала тұрғындары тегін тасыған таксилерге алғысын айтып, ризашылығын білдіруде.
Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Қаратал ауданы





