Жаңа бағыт 50 елді мекенді қамтуы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғындарымен кездесуде айтты. Сондай-ақ, Президент Алматының автокөлік желісіне түсетін жүктеме туралы айтты.
Мемлекет басшысы Алматы мен Алматы облысы бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, жол жүруге байланысты Алматы маңындағы қоғамдық көлікті дамытуға баса назар аудару қажет. Мегаполис маңындағы 50 елді мекенді қамту арқылы жаңа автобус бағыттарын іске қосу қажет.
— Жақында Алматы мен Қонаев қалалары арасындағы пойыз бағыты қайта жанданды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қала маңындағы теміржол қатынасын одан әрі дамыту жоспарын әзірлеуі қажет. Алматы агломерациясын дамыту үшін бірыңғай көлік моделін құру қажет, — деді Қ.Тоқаев.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»





