Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелері Ақмола облысының Жарқайың ауданына барып, 300-ден астам жергілікті тұрғынмен кездесті.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен кездесуде кандидаттың сенімді өкілдері жиналғандармен әңгімелесіп, «Алтын дән KZ» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кандидаттың сенімді өкілдеріне аудандағы оң өзгерістерді баяндаған тұрғындар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қолдау, медициналық туризмге жағдай жасау, агробизнесті қолдау бағдарламасының тиімділігін әңгімеледі.
Жиында сөз алған аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ бірлестігінің төрайымы, кандидаттың сенімді тұлғасы Роза Сәдуақасова, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлболсын Ахметова, кәсіпкер Дархан Айсин көпшілікті 20 қарашада өтетін сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырып, президенттікке лайықты кандидат – Қасым Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге үндеді.
Мұндай кездесулер, Қостанай, Ақмола, Алматы, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Семей, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалғасуда.
«ЖЕТІСУ- АҚПАРАТ»





