Талдықорған: +7°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ. КЕЙБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР

15.04.2022
МІНБЕР
"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ. КЕЙБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен аудан, қала әкімдерінің, басқарма басшыларының қатысуымен облыстық мәслихаттағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының жиыны өтті. Фракция жетекшісі, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Гүлнәр Тойлыбаева күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, баяндамашыларға сөз берді.

Лаззат Махатұлы «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» 2021 жылғы қорытындысымен таныстыра келе іске аспаған іс-шараларға да тоқталды.

— Сайлауалды бағдарламаның облыстық, қалалық және аудандық «Жол картасындағы» 2110 іс-шара мен көрсеткіштердің 1349-і орындалды, 114-і орындалу сатысында, 647-сі бойынша орындалу мерзімі келген жоқ. Облыстық «Жол картасындағы» көрсетілген 2 іс-шара орындалмады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде қаржыландыру лимитінің қысқаруына байланысты жоспарланған 23 объектінің ішінен 2 мектеп бойынша жұмыстар аяқталған жоқ. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму саласында бір іс-шара орындалмады. Аудан және қалалық «Жол картасы» бойынша 21 шара жүзеге аспады, – деп кейбір жобалардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленбей қалғандары бар екенін, көбіне инвестициялық жобалардың орындалмай қалғанын, мемлекет тарапынан төленетін қаржыны тек іске асатын дайын жобаларға бағыттап, болашақта кемшілік жібермей сапалы жұмыс жүргізуге шақырды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың сөзінше, «Жол картасының» барлық тармақтарының орындалуына тексеру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытты ескере отырып, оның 2022-2025 жылдарға арналған көрсеткіштерін түзету бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонмен қатар, «Жол картасын» орындау қатаң бақылауда.

Жиын барысында Талдықорған қаласындағы 5 шақырым сумен жабдықтау желісін қайта жаңарту, Ақсу ауданы Сағабүйен ауылындағы Тоқтаров атындағы, Талғар ауданы Талғар қаласындағы №3 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары жайында тиісті басқарма басшылары жауап берді. Әрмен қарай облыс аумағында жоспарланған медициналық пункттердің құрылысына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Лейла Серікбаева:

— 2025 жылға дейін 100 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. 2021 жылы 23 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 2021 жылы тез тұрғызылатын модульдік кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді, оның негізінде медициналық пункттер ашу жоспарланған болатын. Құрылыс материалдарының қымбаттауына, сондай-ақ, жеткізушілердің болмауына байланысты бұл кешендер сатып алынбады. 2022 жылы 24 медициналық пункт үшін БМК орнатуға 1,2 млрд. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді, олар аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне берілді, – деді.

Қаратал ауданындағы орындалмаған нысандар бойынша аудан әкімі Ерлан Исабеков, облыстық «Жол карта» шеңберінде 2021-2022 жылдарға арналған құрылыс жұмыстарының барысы және 2022 жылға жоспарланған құрылыс бойынша облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Османбаев баяндады. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қаулы қабылданып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма берілді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026
Тұрсын аға тәлімі

Тұрсын аға тәлімі

28.03.2026
«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

28.03.2026
Талап баршаға ортақ

Талап баршаға ортақ

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.