Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

07.02.2022
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫНА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аяқастынан түскен қалың қар қыс келбетін кіргізгендей болды. Әсіресе қыс маусымының екі айын қарсыз өткізген қалалықтар абыр-сабыр қарбаластыққа түсті. Мұндайда ең алдымен қаланы қардан тазалау жұмысының қыза түсетіні белгілі. Таң атпастан негізгі көшелерді тазалауға кіріскен техникалардың дүрілі көз қуантты.

Таңмен таласа біз де қала көшелерін, коммуналдық мекемелерді, ескерткіштер мен әлеуметтік нысанды аралап, қар тазалау жұмысының қалай жүріп жатқанын көріп қайттық. Бұрынғы жылдары жиі жауатын қалың қарды тазалаудан әбден мезі болған жұрттың бүгінгі көңіл-күйлері көтеріңкі. Әр жерде қаланы тазалау жұмысына жауапты «Талдықорған Көркейту», «Шығыс – 4», «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС-лардың қарбалас жұмыс істеп жатқан техникалары мен жұмысшыларын кездестірдік. Ал аулаларын тазалап әбігерге түскен тұрғындардың да қатары көп. Бірақ бәрінің әлпетінен ренішті сезімді байқамадық. Қайта қар жауа түссе екен деген ниетте.

– Әр маусымның өзіне сай болғаны жөн ғой. Бәріңізге белгілі, биылғы қыс негізінен қарсыз өтті. Ауа райының жылы болуына байланысты тұмау өршіп, балалар мен қарттарды көп әбігерге салды. Оның үстіне қыс бойы қар болмаса жердің ылғалы азайып, ауылшаруашылығы дақылдарының өсуіне зиян келтіретіні анық. Бүгін қалың қар түсіп, көңілденіп қалдық. Таң атқаннан бері көше тазалаумен айналысудамыз. Көшелерді техникамен тазалап, ал техника кіре алмайтын саябақтар мен жол жиектерін, аялдамалар мен ғимараттың алдын қолмен тазалап жатырмыз, – дейді «Талдықорған Көркейту» ЖШС жұмысшысы Әлім Қырықбаев.

Таң ата басталған қар бірер сағаттың ішінде айналаны ақ мамыққа қымтап тастады. Алайда дер кезінде қолға алған тазалау жұмыстарына орай жол-көлік оқиғалары, басқадай төтенше жағдай орын алмады. Қар қалың түскенімен шетінен еріп жатыр. Жол бойындағы, аулалардағы ағаштар ақ көрпеге оранған.

Қалалық баспасөз қызметінен алынған ақпарат бойынша, жолдарды күтіп ұстау тиімділігін арттыру, оларды абаттандыру және жол төсемдері мен тротуарларға қысқы қызмет көрсету үшін қала үш ауданға бөлініп, онымен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС, «Талдықорған Көркейту» ЖШС және «Шығыс-4» ЖШС айналысады. Биыл бұл мақсатта 729 млн.теңге бөлінді. Барлығы 86 бірлік арнайы техника, 112 адам, 2600 тонна құм және 650 тонна тұз дайындалды. Бүгінгі жауған қарды тазалау жұмысына аталған мекемелердің техника және адам күші толық жұмылдырылды.

Қар әлі де жауып тұр. Қаланың санитарлық тазалығына жауапты мекемелер де тазалық жұмысына сақадай-сай.

Қажет АНДАС

Суретті түсірген — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сандық серпіліс: Қазақстан жасанды интеллект дамуының жаңа кезеңіне қадам басты

Сандық серпіліс: Қазақстан жасанды интеллект дамуының жаңа кезеңіне қадам басты

29.07.2026
Астанада «Болашақ ойындары – 2026» турнирі салтанатты түрде ашылды

Астанада «Болашақ ойындары – 2026» турнирі салтанатты түрде ашылды

29.07.2026
Өндіріс орны оң өзгерістерге бастайды

Өндіріс орны оң өзгерістерге бастайды

29.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Тарихи белес

29.07.2026
Сирек дертке шалдыққандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Қазақстанда онкологиялық ауруды анықтаудың жаңа әдісі енгізіледі

29.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.