Талдықорған: +21°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

«ӘЛІ ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

02.10.2021
МІНБЕР
"ӘЛІ ОРЫНДАЛМАЙ ЖАТЫР": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімдігінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар сараланды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, партияның қоғамдық кеңес төрағалары қатысқан жиынды облыс әкімі Амандық Баталов ашып жүргізіп, кеткен кемшіліктерді сынады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов баяндамасында партияның өңірлік «Жол картасында» 7 басымдық бойынша 2021-2025 жылдарға 24 индикатор және 165 тармаққа 2,7 трлн.теңге қарастырылғанын, соның ішінде 2021 жылға 24 индикатор бойынша 113 іс-шараның орындалуына 297,5 млрд.теңге бөлінгенін айта келе:

— «Жол картасының» орындалуын қадағалау үшін «EasyProject» цифрлық платформасында күнделікті мониторинг жүргізеді. Осыған дейін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалында бірінші жартыжылдық пен 8 айдың қорытындысы бойынша басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің қатысуымен 26 мәрте кездесу өтті. Кейбір жобалар әлі де орындалмай жатыр. Сол себепті облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жоспарды аудан, қала әкімдерімен бірге қайтадан пысықтауы керек, – деді. Сондай-ақ, Жомарт Амангелдіұлы құрылыс қарқыны төмен бірқатар нысандардың уақытылы берілмей, аяқтау мерзімінің алдағы жылдарға ауысып жатқанын хабарлады.

Үшауысымды мектептерді азайту мен білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олқылық орын алған. Айталық, жоспарланған 19 мектептің 15-і пайдалануға берілуде. Іле ауданындағы 3 мектеп пен Қаскелеңдегі 1 мектептің құрылысы 7 пайыз бен 11 пайыз аралығында аяқталып, келесі жылы ғана пайдалануға беріледі. Кеген мен Райымбек ауданындағы Мәдениет үйлерінің құрылысы 5 пайызға ғана жүзеге асқан. Талғар ауданындағы Бесағаш ауылдық Мәдениет үйінде өрт шығуына байланысты жоба құны 382 млн.теңгеден 679 млн.теңгеге өскен. Өткен жылы пайдалануға берілуі тиіс Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысына 764 млн.теңге қарастырылған. Екі жыл бойы тек 65 пайыз, яғни 694 млн.теңге игерілген.

Басқосуда тиісті деңгейде атқарылмаған жұмыстар туралы Ақсу, Еңбекшіқазақ, Сарқан, Панфилов аудандарының әкімдері баяндама жасады. Әр нысанның құрылысын егжей-тегжейлі сөз еткен аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы:

— Жыл соңына дейін жоспарланған жұмыс аяқталуы тиіс. Әр аудан, қалада «Жол картасының» нысандары бар. Біз алға қойған нақты шараларды өз межесіне сапалы жеткізуді қолға алып, партияның қоғамдық кеңестері, депутаттық корпусымен бірлесіп бұл жұмысты ойдағыдай атқаруымыз керек, – деп әр салаға жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне қатаң ескертпе жасап, аталған кемшіліктерді жою үшін нақты хаттамалық тапсырма берді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026
Бабамның көзі, тарихтың сөзі

Бабамның көзі, тарихтың сөзі

29.03.2026
Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты

28.03.2026
Өртке қарсы дайындық күшейтілді

Өртке қарсы дайындық күшейтілді

28.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.