Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МЕМЛЕКЕТІМІЗГЕ МАТЕМАТИКАНЫ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР АУАДАЙ ҚАЖЕТ

12 сәуір 2021
КҮНДЕРЕК
МЕМЛЕКЕТІМІЗГЕ МАТЕМАТИКАНЫ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР АУАДАЙ ҚАЖЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Математика – орта мектептегі негізгі пәндердің бірі. Ол балаларды есеп шығаруға баулып қана қоймайды, логикалық ой-өрісінің дамуына септігін тигізеді, ғылымға негіз салады. Оқушылардың техникалық білімін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Математика ғылымы ұқыптылық пен дәйектілікті, дәлдікті бала бойына сіңіреді.

Қазіргі таңда таңда білім беру саласына қойылып отырған басты талап – функционалдық сауаттылығы жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл талапқа сай бірден-бір пән осы математика дер едім. Өйткені, оқушыларды жоғары жауапкершілікке тәрбиелейтін, өзін-өзі басқаруға жетелейтін, экономиканы меңгеріп, дамытуға бастайтын, соған негіз қалайтын осы математика ғылымы. Есепке бала күнінен ынтық болып өскен оқушының логикалық ойлауы да жоғары болып келеді. Мұндай балалар әр ісіне жауапты, көздеген мақсатына жеткіш, ерік-жігері мықты, табанды, жігерлі болады.

Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби: «Логика – интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, интеллекция объектілерін танудың барлық жағдайларында адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын үйрететін пән», — деген болатын.

Иә, адамды ақиқатқа жетелейтін де осы логика, математика. Өйткені, нақты есеппен, дәлдікпен жүретін жанның ақиқат жолынан алшақ болмайтыны да шындық. Міне, осындай артықшылығы көп математика пәнін балаларға үйрету, оның дамуына үлес қосу пән мұғалімдерінің қасиетті борышы.

Бүгінгі таңда математика ғылымы қарыштап дамып келеді. Математиканы оқытуда көптеген жаңа әдіс-тәсілдер туындауда. Соның ішінде сыни ойлау, дамыта оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану арқылы сабақтың мазмұнын байытып, балалардың білімге деген  ынтасын  арттыруға  болады. Бұл әдіс-тәсілдер математиканың қолданылу өрісін кеңейтеді.

Қоғам өмірінде математиканың қолданылмайтын саласы жоқ. Әсіресе, экономикада, техникада аса маңызды орын алады. Ал, экономика мен техника елімізді дамыған мемлекеттер қатарына бастайтын басты сала. Демек, мемлекетімізге математикалық біліммен қаруланған жігерлі, жалынды, білімді жастар ауадай қажет. Мұндай жас ұрпақты тәрбиелеу мектептен бастау алады. Математиканың алғашқы негіздері бала бойында дұрыс қаланса, ары қарайғы беталысы да сондай болмақ. Демек, қай істе де іргетас мықты болу керек. Оған жауапты, әлбетте, ата-ана мен ұстаз.

Математика пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оны сапалы меңгерту математика пәні мұғалімдеріне байланысты болса, баланы ары қарай жетелеп, күн сайын қадағалап, үлгерім жетістігін қадағалап отыру ата-аналардың тікелей міндеті. Бала бойына математика ғылымының негізін қалау – бүгінгі уақыт талабы. Осы жолда талмай еңбек етсек, еліміздің білім, ғылым, техникада ешкімге дес бермес елге айналары анық.

Жұмабек ҮКІБАЕВ,

Сүлеймен Демирел атындағы мектеп-колледжінің математика пәні мұғалімі

Алматы қаласы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Бүгін, 15:36
Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 15:27
Теректі өзеніне аққу қонды

Теректі өзеніне аққу қонды

Бүгін, 14:00
Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Бүгін, 13:50
Qarmet жылына 540 мың тонна металл өнімін шығаратын кешен салуда

Qarmet жылына 540 мың тонна металл өнімін шығаратын кешен салуда

Бүгін, 13:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.