Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті дауылды алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
«Қазгидромет» РМК-ның ескертуі негізінде, оң температуралық фон мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының тау өзендері бойынша 2021 жылғы 4-5 сәуір аралығында жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтеді деп күтілуде. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларына мән беруге шақырады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет — ғаламтордан





