Талдықорған: +11°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖЕР ДАУЫ: БАС ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ?

29 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖЕР ДАУЫ: БАС ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Бас прокуратура Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер учаскесін бөлу заңдылығына қатысты тың мәліметтер ұсынды. Бұл туралы «Жетісу» газеті «Қазақпаратқа» сілтеме жасап хабарлады.

Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР Бас прокурорының міндетін атқарушы Берік Асыловтың дерегінше, 2012 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласы əкімдігінің қаулысымен университетке алаңы 73,26 гектар жер учаскесіне тұрақты пайдалану құқығы берілген. Ал 2017 жылдың 2 қазанында қала əкімдігі аталған учаскенің шекарасын түзету туралы қаулы қабылдаған және жердің алаңы 1,8 гектарға азайтылған.

Учаскенің азайтылған бөлігінің 0,74 гектары «Omirex» ЖШС-ның, 0,56 гектары коммуналдық қызметтердің («Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ») жəне 0,52 гектары Ш.Мұстафаевтың қарамағына өткен. Бас прокуратураның анықтама ретінде ұсынған мәліметтеріне сәйкес, Ш.Мұстафаевтың жер үлесі университеттің өндірістік үй-жайларын көпшілік сауда-саттықта сатып алу нəтижесінде пайда болған. Ш.Мұстафаевқа тиесілі осы үй-жайды иеліктен шығарудың заңдылығы Алматы қаласының аумақтық мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті комиссиясының 1999 жылғы 12 қарашадағы қорытындысымен жəне Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен расталған.

— Алайда Алматы қаласының əкімдігі Жер кодексінің 48 жəне 82-баптарын бұза отырып, «Omirex» ЖШС жерлерін (екі учаске, жалпы алаңы — 0,74 гектар) сауда-саттықсыз жəне оларға университеттің жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін берген. Анықталған бұзушылықтарды құқықтық бағалау бойынша өкілеттік Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетіне жататынын ескере отырып, 2021 жылдың 19 наурызында Алматы қаласының прокуратурасы олардың мекенжайына тиісті тексеруді ұйымдастыру туралы хат жолдады, — деді Берік Асылов.

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те аталған университет жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі бар екенін мәлімдеген еді. Студенттердің ордасына айналған, жастық шақтың мәңгілік мекені ҚазҰУ қалашығына қатысты жер мәселесі сарапшы, блогер Бақытжан Базарбек пен танымал журналист Серік Абас-шахтың желідегі жазбаларынан кейін көтерілді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Бүгін, 16:30
Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Бүгін, 15:36
Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 15:27
Теректі өзеніне аққу қонды

Теректі өзеніне аққу қонды

Бүгін, 14:00
Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Бүгін, 13:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.