Талдықорған: +32°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЕРТЕРДЕ ОЙНАЙТЫН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ: БАҒЛАН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

22.03.2021
РУХАНИЯТ
ШЕРТЕРДЕ ОЙНАЙТЫН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ: БАҒЛАН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда «Отырар сазы» академиялық фолькорлық-этнографиялық оркестрі ұлтымыздың айнасына айналды. Шығармашылық ұжым қазақтың музыка өнерін жас ұрпақтың бойына дарытып қана қоймай, оны айдай әлемге паш етіп жүр. Сол айтулы оркестрдің құрамында біздің кейіпкеріміз, шертерші Бағлан Жетпісбаева да бар.

Бағлан – Жетісудың перзенті. Кеген ауылының тумасы. Кішкентай кезінен-ақ музыкаға бейім болып өсті. Өйткені, оның әкесі Сержант Тәменұлы белгілі музыкантшы. Сержант аға кезінде Кегендегі музыка мектебіне жетекшілік етті. Ауыл балаларының талантын шыңдап, өнер әлеміне жол сілтеді. Одан кейін аудандық мәдениет бөлімін басқарды. Қазір зейнет демалысында.

Әкесінен дарыған өнер Бағланға жұғысты болды. Ол ауылдағы музыка мектебін тамамдағаннан кейін, Алматыдағы Чайковский атындағы колледжге оқуға түседі. Осында қасиетті домбыраның қыры мен сырына қанықты. Шертпе күйдің шебері Біләл Ысқақовтың дәрісін тыңдады. Республиканың түкпір-түкпірінен келген жас дарындардың ортасы оны одан сайын шыңдады. Бағлан аталған өнер шаңырағын ойдағыдай аяқтады. Енді оның алдында әр музыкантшының арманы болған консерватория тұрды.

— 2002 жылы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияға құжат тапсырдым. Қарасам, домбыраға баратын абитуриенттердің саны өте көп. Бір орынға бәленбай адам тіркеліпті. Жастардың арасында жүлдегер атанып жүрген домбырашылар – Нұркен Әшіров, Данияр Байжұманов, Біржан Әлиевтерді көзім шалды. Домбыраға түсу тым қиын екенін іштей сезіндім. Сөйтіп терең ойға батып тұрғанымда тізімдегі «шертер» деген жазуға көзім түсті. Мына қызықты қараңыз, ол аспапқа ешкім құжат тапсырмапты. Шертер туралы сырттай білгеніммен, бұрын-сонды қолыма ұстап көрмеген аспабым. Сол сәтте маған бір ой келді. Ешкім бармаса, онда мен барамын дедім іштей. Сөйтіп шертердің арқасында консерваторияның студенті атандым, – дейді Бағлан Сержантқызы.

Бағлан бүкіл курс бойынша шертер аспабында оқитын жалғыз студент атаныпты. Оның ұстазы ҚР Мәдениет қайраткері Зәмзәгүл Ізмұратова жас қыздың талабына риза болады.

— Менің осы дәрежеге жеткеніме ұстазым Зәмзәгүл Ізмұратованың сіңірген еңбегі зор. Шертер – үш ішекті аспап. Домбыра мен қобызға ұқсас. Шанағы жартылай терімен қапталған. Одан қоңыр дауыс шығады. Студент кезімде шертердің шебері Нұрлан Абдрахманов жасап берген аспабым әлі күнге дейін қолымнан түскен емес, – дейді Бағлан өткен күндерге көз жіберіп.

«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деп бекерге айтпаған ғой. Бағлан алғашқы еңбек жолын «Гүлдер» ансамблінен бастайды. 2005 жылы «Отырар сазы» оркестріне қабылданады. Күні бүгінге дейін ол осында жемісті еңбек етуде.

– Біздің ұжым бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті. Кезінде Нұрғиса Тілендиевпен бірге оркестрде өнер көрсеткен домбырашы Серік Қойлышев, баяншы Сағат Кәртенбаев, дирижер Жалғасбек Бегендіков, домбырашы Салтанат Бөленовалар бір-бір мектеп десем қателеспеймін. Ол кісілердің өнегесі мен тәлімін тыңдаудан еш жалыққан емеспіз. Асылдың тұяғы Дінзухра Тілендиеваның ұйымдыстырушылық, дирижерлық қабілетіне тәнтіміз, – деді Бағлан.

Бағлан Жетпісбаева «Отырар сазы» оркестрімен талай елдерді аралады. Бірақ солардың ішінде оның есінде ерекше сақталғаны 2010 жылғы Мекке мен Медина қалаларына жасаған сапары екен. Сол елдің билігі концертке риза болғаны соншалық, бүкіл оркестр мүшелерін қасиетті Умра қажылығын өтеуге мүмкіндік тудырыпты.

– Қазір шертер аспабында ойнайтын жастар көбейіп келеді. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарас өзгерді. Қазақтың даласы ән мен күйге бөлене берсін, – деп әңгімесін аяқтады шертерші қыз.

Болат МӘЖИТ

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Камераға түскен оқыс жағдай: Үштөбеде қыздың басына ағаш бұтағы құлады

Камераға түскен оқыс жағдай: Үштөбеде қыздың басына ағаш бұтағы құлады

23.06.2026
55 мың заңсыз казино бұғатталды

55 мың заңсыз казино бұғатталды

23.06.2026
Қаратал мен Кербұлақтан шақырылған азаматтар әскери жиынға қатысты

Қаратал мен Кербұлақтан шақырылған азаматтар әскери жиынға қатысты

23.06.2026
Бірлескен іс нәтижелі

Бірлескен іс нәтижелі

23.06.2026
Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні

Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.