«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлім басшысы Арсен Бесетаев және Іле ауданына қарасты Қарой ауылдық округінің әкімі Айдос Таженов, Панфилов ауданындағы Айдарлы ауылының әкімі Айдар Исаевтың қатысуымен «Jetisy media» ақпарат алаңында «Мобильді ауыл жобасы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.
Бүгінде облысымызда «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ, халық пен мемлекеттік мекемелердің арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өнімді жұмыс істеп жатыр.
– Облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен аймақтағы 20 аудан мен қала орталықтарында, 232 ауылдық округте жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр. Кеңсенің негізгі бағыттарының бірі – халыққа қолайлы жағдай жасау. Сол мақсатта Айдарлы және Қарой ауылдық округтерінде «Мобильді ауыл» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын негізге ала отырып жасалды. Бұл жоба биылғы жылдың наурызынан бастап облыстағы барлық ауылдық округтерде іске асатын болады, – деді өз сөзінде Арсен Асланұлы.
Ал округ әкімдері оң өзгерістерді айтып, осы бағыт бойынша жұмысты жалғастыратындықтарын жеткізді.
Қали АСҚАР




