Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ? БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТҮСІНДІРДІ

15 ақпан 2021
РУХАНИЯТ
"ЖАС МАМАН" ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ? БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТҮСІНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«JETISY MEDIA» ақпараттық алаңында «Жас маман» жобасының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде орындалуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Онда Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова жобаның іске асырылу барысын баяндады.

«Жас маман» жобасы елімізде 2019 жылдан бастап қолға алынған. Ол үшін 180 колледж іріктелген. Жобаның негізгі мақсаты – колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, заманауи техника, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

«Жас маман»  жобасына облысымыздан 10 колледж енгізіліп, өткен жылы 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қарастырылған. Облыстық бюджеттен 5 пайыз көлемінде 80,2 млн.теңге қосымша қаражат бөлінген. Нәтижесінде, колледждердің теориялық оқыту кабинеттері мен өндірістік оқыту шеберханалары халықаралық «Worldskills» стандарттарына сай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Кабинеттер мен шеберханаларда қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымдар жүргізіліп, тиісті жиһаздармен қамтамасыз етілді.

Биыл «Жас маман» жобасына облысымыздың тағы 5 колледжі еніп отыр. Олар: Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жиһаз өндірісі», Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің «Дәнекерлеу ісі», Талғар политехникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі», «Электромонтер», Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің «Дәнекерлеу ісі» және «Тракторист-машинисі», Шелек политехникалық колледжінің «Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету» мамандықтары.

Биыл «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлінген. Облыстық бюджеттен 133,6 млн.теңге қосымша қаржыландыру үшін қарастырылған.

— «Жас маман» жобасы аясында  білім беру үрдісін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін шетелдік әріптестерді тарту, сондай-ақ, халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламалары жасалуда. Шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыс нәтижесінде колледж бірқатар мамандық бойынша халықаралық аккредиттеуге дайындық жұмысын бастады. Осы орайдағы кәсіптік саланы халықаралық деңгейге көтеру, техникалық білім беру жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғаса бермек, – деді өз сөзінде Гүлсара Тастандықызы. Сонымен қатар спикер жоба аясында журналистер қойған сауалдарға жауап беріп, кәсіптік білімнің көкжиегі кеңейіп келе жатқандығын айтты.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Бүгін, 09:28
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

Бүгін, 09:23
«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.