Талдықорған: +26°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — АСЫЛ МҰРАТ

23.11.2020
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ - АСЫЛ МҰРАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы жыл елімізге айтарлықтай ауыртпалық түсірді. Күллі əлемді үрейлендіріп, миллиондаған адамның өмірін жалмаған «COVID-19» індетінің қаупі әлі де сейілген жоқ.  Бұл  дерттің кесірінен мыңдаған кəсіпкер шарасыздықтан жұмысын тоқтатып, қаншама адам жұмыссыздық күйін кешті. Бір қуанарлығы, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен жан-жақты қамқорлық уайымға салынған елге демеу болды. Осы тұрғыда ауылдағы ағайынның жанынан табылып, жығылғанға сүйеу болып, шарасыз қалғандарға шарапатын тигізген атымтай жомарт азаматтарға ел риза. Солардың бірі – өңірді газдандыру ісіне елеулі үлес қосып жүрген танымал кəсіпкер,  облыстық мəслихаттың депутаты, Жамбыл, Талғар, Ақсу аудандарының Құрметті азаматы, Жамбыл ауданындағы «Тəуекел Газ Құбыры» ЖШС директоры Данияр Нұрбаев. Ол Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жəне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдаулары мен Үндеулерінде ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау жыл сайынғы айнымас дәстүрі. Жуырда сақи мінезді саңлақ кəсіпкермен жүздесіп, əңгімелескен едік.


– Данияр Молдиярұлы, сізді аймақ тұрғындары аудандағы бірден-бір табиғи газ таратушы мекеменің басшысы ретінде жақсы біледі. Дегенмен, оқырманға өзіңізді толығырақ таныстырып өтіңізші.
– Мен жер жаннаты Жетісуда, нақтырақ айтсам, Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Мектепті бітірген соң Талдықорғанда Д. Қонаев атындағы институтты «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірдім. Содан кейін Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін тамамдап, экономист мамандығын алдым. 2012 жылдан бері осы Ұзынағаштағы «Тəуекел ГазҚұбыры» ЖШС директоры қызметіндемін.

– Алғашқы еңбек жолыңызды қашан бастадыңыз?
– Еңбекке 1994 жылы «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізуші болып кірістім. Кейіннен сол мекемеде менеджер, экономист болдым. Ал, 2002-2012 жылдары «Терминалкомплекс» серіктестігінде инженер міндетін атқардым. Шетелде жүріп өзіме мол тəжірибе жинадым.

– Жекеменшік ұйым  «Тəуекел Газ Құбырында» қазір қанша адам жұмыс істейді?
 – Біздің серіктестікте 100 адам жұмыс істейді. Олардың жалақысы 80-130 мың теңге аралығында. Айлықтары уақытылы беріледі. Зейнетақы қорына тиісті қаражат аударылады. Кейде біздің қызметкерлердің арасында да ауырып қалатындар немесе қиындыққа тап болатындар кездеседі. Мен ондай сəттерде оларға қаржылай көмектесіп тұрамын. Өмір болған соң неше түрлі қиындықтар кездеседі ғой. Сондай кездері əрекетсіз қалу азаматтығымызға сын емес пе.
– Сіз жыл сайын Жамбыл ауданының тұрғындарына қайырымдылық көрсетіп келесіз. Көмекке мұқтаж адамдар сізге өздері келіп өтініш жасай ма? Əлде…
– Мен тек Жамбыл ауданында ғана емес, облыстың бірнеше ауданында қолдан келгенше қайырымдылық  көрсетуді өзімнің азаматтық міндетім санаймын. Кейде маған арнайы келіп жағдайын айтып, көмек сұрайтын адамдар да болады. Көпшілігі үйіне газды тегін кіргізіп беруді немесе жеңілдік жасауды өтінеді. Оларды мұқият тыңдап, жағдайларына қарай көмектесемін. Осы уақытқа дейін Жамбыл ауданында 500-ге жуық отбасына газ желісін тегін қосуға қол ұшын бердім. Газ түсіру құнын төмендету арқылы жасалған жеңілдікті пайдаланған тұрғындар одан да көп. Тұрмысы төмен жəне көпбалалы отбасыларына азық-түлік жағынан да үнемі көмектесіп тұрамын. Олардың тізімін əкімдіктен аламыз. Өйткені көмекке шынайы мұқтаж адамдарды жергілікті əкімдік жақсы біледі.

– Биыл елімізде “COVID-19” індеті таралып, біраз кəсіпкер жұмысын амалсыз тоқтатуға мəжбүр болды. Бұл індет сіздің мекемеге қаншалықты ауыртпалық түсірді?
– Біздің серіктестік негізінен халық игілігі үшін қызмет етеді. Ауданның 22 елді мекенін табиғи газбен жабдықтап отырмыз. Қызметімізге жүгінетін абонент саны он мыңнан асады. Карантин кезінде жұмысшыларымыз санитарлық талаптарды сақтай отырып, өз міндеттерін жалғастырды. Бұрынғыдай емес, қазір халық көгілдір отынға əбден үйреніп қалды. Газ – күнделікті тұрмыс-тіршіліктің ажырамас бір бөлігіне айналды. Сондықтан біздің мекемеге күнделікті келіп-кетіп жатқан адамның қарасы көп. Карантин кезінде мекеме кеңсесінің барлық тұсын күнделікті залалсыздандырып, қойылған шектеулерді қатаң сақтай отырып, тұрғындарды үзіліссіз қабылдадық. Әлі де солай.
Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан аудан халқы біраз əбігерге түсіп, бірқатар кәсіп иелері жұмысын тоқтатқаны рас. Біз болсақ керісінше, күнделікті тұрмыс барысында алғы шептегі қызмет көрсету орындарының бірі саналғандықтан, уақытпен санаспай еңбек еттік. Әрбір үйді көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз етуге ұмтылдық. Сөйтіп, халықтың қалыпты өмір ырғағын əлсіретпеуге өз тарапымыздан шамамыз келгенше үлес қостық. Соның арқасында газбен жабдықтау ісінде іркіліс болған жоқ. Төтенше жағдай кезінде серіктестік тарапынан тікелей менің өзімнің басшылығыммен аудан орталығында тұратын, тұрмыс тауқыметін тартқан 25 отбасына азық-түлік жиынтығы үлестірілді.

– «Қазір кейбір азаматтар өз бетінше жұмыс істегісі келмей, қайырымды жандарға масыл болуда» деп те айтылып қалады. Осы мəселе туралы жеке көзқарасыңыз қандай?
– Халқымыз: «Еңбекпен тапқан нан тәтті» деп бекерге айтпаған ғой. Адал еңбекпен келген табыстың қадірі ерекше екені сондықтан болса керек. «Кем болса да берекелі болсын» деген де сөз бар. Ал енді масылдық адам баласын аздырады. Жалқаулыққа үйір етеді. Байқайсыз ба, барға қанағат етіп, ақ адал еңбегімен бала-шағасын асырап отырған отбасынан тəрбиелі, еңбекқор ұл-қыз өсіп шығады. Мен кейде мына бір мəселеге қынжыламын. Маған жұмыс сұрап келген азаматтарға ел қатарлы қызмет ұсынамын. Ол оны жаратпайды. Бəрі бірден басшы болғысы келіп тұрады. “Ұзынағаштан қалаға барып-келіп жұмыс істеймін” деп жұмыстан шығып кеткен азаматтардың бізге қайта айналып келгендері де болды. Кез келген жұмысты жауапкершілікпен атқаратын адам қашанда айналасына сыйлы болатынын өмірдің өзі көрсетіп жүр емес пе? Əсіресе, жастарымыз ғылым-білімге табандылықпен ұмтылуы қажет. Өйткені, XXI ғасыр нағыз бəсекенің басталған кезеңі. Қазақ елін əлемдік аренаға шығаратын да осы бүгінгі жастар. Сондықтан да олар «бір күн істеп, үш күн демалатын» күзетші болуды місе тұтпауы керек деп санаймын. Олардың мақсаты тым биікте болуы тиіс.

– Өзіңіз көмектескен жандардан алғыс естігенде қандай күйге бөленесіз?
– Халқымызда ежелден келе жатқан ізгі қасиеттер көп қой. Соның ішінде ер-азаматқа нағыз керегінің бірі де бірегейі – елдің батасын алу, көптің алғысына ие болу. «Жауынмен жер көгерсе, батамен ер көгеретінін» қазақ атам бекерге айтпағанын жақсы білерсіз. Бұл өзі өте ауқымды тұжырым дер едім. Оның ішіне адамзатқа керекті ең ізгі қасиеттердің бəрін сыйғызуға болады. Шарасыз жанға шарапатын тигізіп, жығылғанға сүйеу болу елінің болашағын ойлаған əрбір азаматтың перзенттік парызы деп білемін.

Иә, зымыраған уақыттың көшімен бірге қазақ елі де əлемдік өркениетке ілесіп келеді. Дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін ең əуелі халықтың тұрмысын жақсартуымыз керек. Алайда, барлық адам бірдей деңгейде өмір сүруі мүмкін емес. Ел болған соң оның ішінде сан түрлі тағдыр болады. Мен сол сан қилы тағдырдың тауқыметін тартқан адамдарды көп кездестірдім. Көмек сұрап келген адамның ішкі жан дүниесіне үңіліп, қолымнан келгенше жәрдемдесіп те жүрмін. Олардың тығырықтан шыққандағы риясыз қуанғанын көру менің де жанымды жадыратады, қуанышқа бөлейді.

– Сіздің қайырымдылығыңыз бен елге жасаған жақсылығыңыз ескеріліп жүр ме?
– Адамды кейде таршылық сынайды, кейде баршылық сынайды. Бай мен кедей қай заманда да болды. Бола береді де. Сондықтан бұл екі сөз қатар жүретін ұғым. Біз жетімін жылатпаған елміз. Мұқтажға қайырымдылық жасап, шынайы ниетпен жомарттық таныту ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дəстүріміз. Оның өзегінде терең пәлсапалық мəн жатыр. Ол – ұлттың ауызбірлігі, ұйымшылдығы. Мен арзан атақ үшін емес, ұлтқа шынайы қызмет етуді мұрат тұтамын. Осы ұстаным – менің азаматтық ұраным. Сондықтан, өзімнің жасаған əрбір сауапты ісімді қайтарымы болсын деген мақсатпен істеген емеспін. Көпшіліктің ризашылығынан асқан байлық бар ма, сірә?! Жақсылық жасадым деп мақтана жар салу əдетімде жоқ. Елімнің батасымен өркендедім деп ойлаймын. Бизнесте жетістікке жеттім.  Облыстық мəслихаттың депутатымын, үш ауданның Құрметті азаматымын. Еліме жасаған азғантай көмегімді ескерген халыққа жəне облыс əкімдігіне алғысым шексіз. Осындай әлетке жетуім əуелі Алланың, содан кейін ақ ниетті елімнің арқасы деп білемін.

– Депутат ретінде ауыл тұрғындарының əл-ауқатын жақсарту бағытында қандай міндеттер жүзеге асырылса дейсіз?
 – Ауыл халқын жарқын болашаққа бастаудың ең басты бағыты – ауылдан өндіріс орындарын ашу, зауыт-фабрикалар салу. Сөйтіп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Қазір ауылдан Алматы қаласына қатынап жұмыс істеп жүрген азаматтар саны өте көп. Міне, сондықтан істің оңтайын тауып, қаржылай қуаттанған кəсіпкер əріптестеріме айтар ұсынысым – ауыл халқына жұмыс тауып беруді барынша қолға алу керек. Бүгінгі таңда мемлекетте шағын жəне орта бизнесті дамытуға жəне қолдауға бағытталған тиімді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2020» жобасы осының айғағы. Егер Сіздің бизнесіңіз бағдарламаға қатысушыларға арналған экономиканың басымды салаларының тізіміне енсе, онда сіз екінші деңгейлі банктерде несие рəсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру сияқты мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана аласыз. Егер инновациялық жоба ұсынған жағдайда мемлекеттік гранттар бөлу жобасына да қатысуға болады. Мемлекеттік бағдарламаны ұтымды пайдаланып, қарапайым халықты жұмысқа тарту – бүгінгі таңдағы ең маңызды мəселе.

– «Жетісу» газетіне тілегіңізді де білсек.
– Жүз жылдан астам уақыттан бері шығып келе жатқан «Жетісу» газетінің орны, әрине, бөлек. Ақпарат айдынындағы ата басылыммен сан ұрпақ сусындап өсті. Ол – Жетісу өңірінің тыныс-тіршілігінің айнасы. Онда қызмет істейтін журналистердің еңбегі ерен. «Тəуекел Газ Құбыры» серіктестігі ең алғаш 2009 жылы ауданға газ құбырын кіргізгенде осы газеттің бетінде ақжолтай мақала жазылған еді. Содан бері әрбір елді мекенге көгілдір отын құбыры тартылған сайын сүйінші хабарды облыс жұртшылығы «Жетісудан» біліп келеді. Өңірді газдандыру ісіне қосқан азды-көпті үлесімізді газет оқырмандары сіздер арқылы біліп отырады. Жүз жасаған «Жетісудың» оқырманы көп болсын, онда қызмет ететін журналистердің қаламдары қарымды болсын! Өздері және отбасылары аман-сау жүрсін деймін.

– Ақтарыла сыр шерткен азаматтығыңызға рахмет! Жұмысыңызға сəттілік тілейміз. Елдің алғысына бөленіп жүре бергейсіз!

Серік САТЫБАЛДИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жас мамандар слеті өтті

Жетісуда жас мамандар слеті өтті

25.05.2026
Спорт саласына серпін

Спорт саласына серпін

25.05.2026
Қазақстандық блогер әлемнің үздік travel-блогері атанды

Қазақстандық блогер әлемнің үздік travel-блогері атанды

25.05.2026
Қазақстандықтардың ипотека мен автонесиеге сұранысы азайды

Қазақстандықтардың ипотека мен автонесиеге сұранысы азайды

25.05.2026
Соңғы қоңырау соғылды: Қазақстанда оқу жылы аяқталды

Соңғы қоңырау соғылды: Қазақстанда оқу жылы аяқталды

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.