Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАЗЫЛУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ

18 қараша 2020
КҮЛТӨБЕ
ЖАЗЫЛУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданының қайта қалпына келгеніне екі жылдан асты. Құшағында жақсылықтар, жаңалықтар мол. Биылдың өзінде ауданда 4 мек-теп, 2 Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Бітуге таяу. Бірнеше ауылда көшелер асфальтталып, ауызсу жаңартылуда. Жалпы, Талғат Байеділов әкім болып еңбек ететін ауданның  9 айлық әлеуметтік және экономикалық  көрсеткіші жаман емес. Қоңыр күзбен келесі жылдың баспасөзіне жазылу ісі басталғаны белгілі.


Бұл маңызды істі аудан әкімдігінен бастап ойдағыдай жүргізеді деген үлкен сеніміміз бар. Осындай шақта аудан аумағындағы Тасашы, Қарқара, Бөлексаз, Шырғанақ ауылдық  округтерінде болып, оқырмандармен жүздестік. Басқосуларда облыстық басылым туралы көзқарастарын, ой-пікірлерін білдік. Тасашы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Бақытгүл Қабылова «Жетісу» газетіне жыл сайын ұжым болып жазылып жүргенін айтып, бұл келесі жылы да жалғасатынын жеткізді. Тарихи құндылыққа толы Қарқара ауылы тұрғындарының да «Жетісуға» деген ықыласы жақсы. Бұл тұрғыда Қарқара орта мектебінің директоры Сағыныш Шолпанбаева жылы лебізімен бөлісті. Қарқара ауылдық әкімдігінің бас маманы Ернар Сарыбаев, Ереуіл бастауыш мектебінің меңгерушісі Нұржамал Муталипова, Қарқара дәрігерлік емханасының мейірбикесі Ләззат Бакиева газет жайлы ойларын ортаға салды. 

Бөлексаз ауылдық әкімдігінде өткен жылы  жүздесуде  мектеп директоры Мұратжан Мәсімханов баспасөзге жазылу ісінің аса маңызды екенін, облыстық «Жетісу» газетіне біркісідей жазылатындарын айтып, газет жүгін көтеріп жүрген журналистер қауымына шығармашылық табыс тіледі. Мұндай ниетті ауыл әкімі Жасұлан Өмірзақов, Бөлексаз дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Ислам Қуандықов та білдірді. Оразбай Бекбатыров әкім болып еңбек ететін Шырғанақ ауылдық округінде 3 мыңға тарта халық тұрады. 4-5 ауыл қарайды. Мұнда да жақсылық мол. І. Жұмағұлов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп бітіп қалды. Ауыл әкімінің қолға алуымен, ел-жұртының қолдауымен Көкпияз ауылындағы клуб ғимараты, Шырғанақ ауылындағы спорт ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 

– Жетісу өлкесіндегі бар жақсылық, жаңалықты «Jetіsý» газеті арқылы оқып, біліп отырамыз. Басылым сол үшін де бізге қымбат, құнды, бағалы, – дейді ауыл әкімі Оразбай Бекбатыров. І. Жұмағұлов атындағы орта мектептің директоры Қуан Мұсаева газетке деген жылы лебізін білдіре келіп, ғасырлық тарихы бар басылым ұжымына бар жақсылықты тіледі. Осылайша, оқырмандар арасында болып, газетке деген жылы лебіздерін естіп, ыстық ықыластарын сезініп, қуанып қайттық.

Қанат БІРЖАНСАЛ
 

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.