Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА ҰСАҚ МАЛ ҰРЛАҒАН ЕКІ АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

9 қараша 2020
САЯСАТ
КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА ҰСАҚ МАЛ ҰРЛАҒАН ЕКІ АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полицейлері Кербұлақ ауданынан мал ұрыларын ұстады.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қазан айының бірінші жартысында Сарыөзек және Шилісу ауылдары тұрғындарынан жеке сектор аулаларынан түнгі уақытта қой мен ешкілерінің ұрланғаны жайында үш арыз келіп түскен. Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 181-1 бабы бойынша тіркелгеннен кейін тергеушілер бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын ұйымдастырған.

Нәтижесінде, олар белсенді көмекшілердің көмегімен бұрын ұрлық жасалған орындарында байқалған «Мерседес» көлігін бақылауға алған. Күдік тудырған көліктің иесі машинаны туысқанына біраз уақытқа бергені анықталды. Жүргізуші, аудан орталығының 59 жастағы тұрғынын ұстаған тәртіп сақшылары көліктен тасымалданған қой-ешкілердің ізін тапты. Көп ұзамай екінші күдікті — Қапшағай қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ұсталғандардың екеуі де ұсынылған дәлелдемелерден кейін үш тұрғынның 25 бас ұсақ малын ұрлағандарын мойындады. Тергеу барысында ұрланған затты сатып алушы Қарасай ауданы, Шалқар ауылының 34 жастағы тұрғыны анықталды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 196-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ол ұрылардан сатып алынған 25 бас ұсақ малдың 22-сін қайта сатып үлгерген. Тек үш бас мал ғана алынып, заңды иесіне қайтарылды.

— Автокөлік қылмыс құралы ретінде сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тергеу соты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың облыс аумағында осындай ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, — деп түсіндірді Кербұлақ аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әлішер Қаптағаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.