Қазіргі таңда заман талабына сай көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр¬у бағытында біршама игі бастама жүзеге асырылуда.
Тұңғыш Президентіміз «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметті толық электронды форматқа көшіруді міндеттеді. Осыған байланысты елдегі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барынша электронды түрде беріле бастады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе. Бұл өз кезегінде, қазіргі заманғы технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа берілген шексіз мүмкіндік.
Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» веб-порталына «Пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.
Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Қазіргі таңда электрондық цифрлық қолтаңба алу да жеңілдетілген. Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы қашықтықтан алу жүйесі де іске қосылды. ЭЦҚ-ны файлдық тасымалдағышта алған жағдайда дербес компьютерге сақтауға болады. Сол арқылы «Электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, жеке кабинетте мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны телефонда сақтай отырып, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алуға болады. Егер де ХҚКО-на баруды қажет ететін мемлекеттік қызметтерді алатын жағдайда, аталған мобильдік қосымша арқылы кезекке тұрып, кейін ХҚКО келіп, операторға кезек нөмірін көрсетіп, қажетті қызметті ала аласыз. Бұл – кезек күтпей, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы.
Тұрғындардың аудан орталығына барып, уақыт өткізбеуі үшін «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде және округке қарасты мекеме, мектептерде «Электронды үкімет» веб-порталы орналастырылған. Ауыл тұрғындары өздеріне қолайлы уақытта келіп, атап айтқанда, мүліктің болуы я болмауы туралы, сотталмағандығын растайтын, баланың тууына байланысты жәрдемақыға өтініш білдіру және тағы да басқа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, осы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін артып отыр. Осы орайда «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасын ұялы телефонға жүктеу арқылы көрсетілген қызметтерді бағалау тиімді әрі оңай. Аталған мобильді қосымшасын жүктеу бүгінгі таңда Жалаңаш ауылдық округі тұрғындарына түсіндіріліп, аталған қосымша ұялы телефондарына жүктеліп, бағаланып отыр.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін 8 мемлекеттік қызмет түрлерінен 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері), елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы) (ақылы), жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері), мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою (Мемлекеттік корпорация, МО, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы), өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру (Мемлекеттік корпорация, Жұмыспен қамту орталығы КММ, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (Мемлекеттік корпорация, МО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы), сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (Аудандардың және аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері), бұрын пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату (МО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі).
И. ҚҰРМАНБЕКОВА,
Жалаңаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Кеген ауданы




