Талдықорған: +30°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛМА ӨСІРУ — ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТАБЫС КӨЗІ

26.10.2020
КҮЛТӨБЕ
АЛМА ӨСІРУ - ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТАБЫС КӨЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы, алма шаруашылығымен айналысудың келешегі өте зор. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында алма өсірумен бағбандар байырғы заманнан айналысып келеді. Олай дейтініміз, ғылыми деректер бойынша алма дақылы дүниежүзіне Алатау өңірінен тараған. Әртүрлі дерек көздеріне сәйкес Қазақстанда жылына 130,0-140,0 мың тонна шамасында алма жемісі өндіріледі, ал 130-160 мың тонна шет елдерден әкеліп сатылады, былайша айтқанда еліміздің бағбандары алма жемісіне сұраныстың 40-50%-ын ғана қамтамасыз етіп отыр. Импортты алмастыру үшін бақ шаруашылығының көлемін ұлғайту, алма жемісін өндірудің қарқынды заманауи технологияларын қолданып,  дамыту қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.


Алма шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан әртүрлі шаралар іске асырылуда, бірақ айтарлықтай нәтиже бар деу қиын. Мемлекет тарапынан қарқынды алма бақтарын отырғызған бағбандарға субсидия ретінде қаржылық жәрдем қарастырылған, бірақ оны кез келген азамат шарттарына сәйкес ала алмайды. Мемлекет 1 гектар бақ салуға 875 000 теңге қажет деп есептеп, оның 80%-ы 700 мың теңгені құрайды деген есеппен гектарына сол мөлшерде субсидия қарастырып отыр және ол бақтың көлемі 5 гектардан, ағаш саны 2500-ден кем болмауы шарт. 

Мұндай есептердің қайдан шыққанын айту қиын. Қазіргі кезде ең арзан көшет 500 теңге тұрады, ал шетелдік көшеттердің бағасы 4-6 доллар немесе орта есеппен 2000 теңге. Біздің есебімізше, бір гектар қарқынды бақ отырғызу үшін 500 теңгелік 3000 көшеттің бағасы 1,5 млн. теңге болады, ал 2000 теңгелік шетелдік көшеттердің бағасы гектарына 6,0 млн. теңге болып кетеді. 

Нақты шығындарды есептеген экономистер 1 гектар қарқынды бақ салу үшін орта есеппен 15-20 млн. теңгедей қаражат қажет деген пікірде. Өйткені ергежейлі, жартылай ергежейлі көшеттерді пайдаланғанда сүйемелдейтін тіреуіштер, бұтақтарды байлайтын сымдар, тамшылатып суғаратын жүйеге арналған құбырлар, тағы сол сияқты көптеген заттар қажет. Мұндай шартпен кез келген азамат өндірістік алма бағын отырғыза  алмайды. Қазір Қазақстанда 24 мың гектарға жуық алма бақтары бар, олардың көлемін әрі қарай дамытуға жоғарыда айтылған мәселелер кедергі болып отыр, сондықтан бақ шаруашылығын дамыту үшін екінші өзекті мәселе 1 гектар бақ салу үшін қажет шығын мөлшерін азайту деп есептейміз. 

Келесі өзекті мәселе – ол көшеттердің Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайына бейімділігі. Қазіргі кезде қарқынды бақ салу үшін ергежейлі М9 телітушісінің негізінде алынған алма көшеттері пайдаланылады, мұндай көшеттерден Еуропа елдері бас тартып жатса, біздің елге олар миллиондап әкелініп жатыр. Бұл көшеттермен елімізге бактериалдық күйік сияқты аурулар келді, сонымен бірге тамыр жүйесі жердің беткі қабатында орналасатындығынан оны құлаудан, сынудан сақтайтын сүйемелдеуіш тіреулер (шпалералар) қажет болды және олар Қазақстанның қысқы суығы мен жазғы ыстығына төзімді болмай шықты. Бұлар да көп қаражат жұмсауды қажет етеді.

Тағы бір шешімін күтіп отырған күрделі мәселе – ол ауылшаруашылығында пайдалануға қолайсыз жерлерді игеру. Мысалы, Алматы облысына қарасты 22 358 422 гектар жер алқабының 16 363 210 гектары ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлер санатына жатады, ал оның тек қана  1 094 246 гектарында егістік дақылдар өсіріледі, қалған 14,7 млн. гектары жайылым болып саналады. Осы жерлердің ішіндегі жер бедері тегіс емес төбелі, сайлы тау бөктерінде орналасқан алқаптардың 10%-ын қолданысқа енгізсе қанша жер игеріледі, қанша қосымша жеміс өнімдерін жинауға болар еді. Бұған Жамбыл, Түркістан облыстарындағы мүмкіншіліктерді қоссақ, нәтиже еселене түсетіндігінде еш күмән жоқ. Бұл жерлерге арпа, бидай, жүгері сияқты егістік дақылдарды егуге келмейді, тіпті тамыр жүйесі жерге таяз бойлайтын интенсивтік бақтарға арналған жеміс ағаштары да желдің өтіне, еңіс беткейлердің жылжымалылығына және басқа да қолайсыз жағдайларға төтеп бере алмайды. Осындай жер телімдерін иеленіп, бірақ қолданысқа енгізе алмай отырған шаруа қожалықтары жеткілікті.

Алма дақылы бұдан 165 млн. жыл бұрын Жоңғар Алатауы бөктерінде өсетін жабайы алмадан бастау алғанын есімі әлемге әйгілі болған академик Аймақ Жанғалиев ағамыз бүкіл дүниежүзіне мойындатты. Жабайы алмалардың ішінде Сиверс алмасының алатын орны ерекше. Бұл алманың ерекшелігі тамыр жүйесі күшті дамыған, ауруларға, зиянкестерге өте төзімді. Көпжылдық зерттеулер нәтижесі мен өндірістік тәжірибеге сүйене отырып Сиверс алмасының табиғи әлеуетін пайдаланып бақ шаруашылығын тау бөктерлерінде орналасқан, жайылымға ғана жарайды деген алқаптарда заманауи технологияларды пайдаланып неге дамытпасқа деген тұжырымға келіп, 2017 жылы оны ғылыми жоба ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ жариялаған конкурсқа ұсынып, жеңімпаз атандық. 

Қазіргі таңда «Ғылым қоры» бөлген қаражатты пайдаланып Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Хижков» шаруа қожалығының тау бөктерінде орналасқан, жер бедері өте күрделі 60 гектар жеріне алма бағын отырғызып өсірудеміз. Сиверс алмасын телітуші ретінде пайдаланып, оған Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында пайдалануға рұқсат етілген алманың 12 сортын ұластырып, алынған көшеттерді 2018 жылы егіп, биыл 3-ші жылда алғашқы өнім алдық.  

Қазіргі кезде, біздің елде болсын, шетелде болсын, көптеген бағбандар жемісін жинауға қолайлы ергежейлі немесе жартылай ергежейлі  жеміс ағаштарын пайдалануға тырысады, ал Сиверс алмасының тұқымдық телітушілерінің негізінде алынған жеміс ағаштары биік ағаштар санатына жатады. Өндіріске ұсынылып отырған жобаның тағы бір ерекшелігі, жеміс ағашының биіктеп өсуін тежейтін, бөрікбасының жайылып өсуін және ювенильдік кезеңнен жылдам өтіп 3-4-ші жылы жеміс беруін қамтамасыз ететін технологияларды қолдануымызда. Бұл технологиялар жоба орындаушысы, ғылым докторы, профессор С. Н. Олейченконың патенттерімен қорғалған.

Жобамыздың тағы бір ерекшелігі, баптау шараларын іске асыруда ауылшарушылығы ғылымдарының жетістіктерін тиімді пайдалануды басты міндеттердің бірі деп есептеп, органикалық-минералды тыңайтқыштар, биологиялық белсенді заттар кешенін осындай жерлерге оңтайландырып беру технологиясын зерттеп, жасадық. Өсімдік қорғау жүйесінде қолданылатын препараттарды суғару жүйесі арқылы қолданудың тиімділігі өте төмен, өйткені зиянды организмдердің көпшілігі ағаштардың жер бетіндегі мүшелерін зақымдайды, сондықтан біз оларды ұшқышсыз ұшатын дрон аппараттарын қолданып іске асырамыз. 

Осындай кешенді шараларды іске асырудың нәтижесінде біз алма бақтарын салу үшін қажет қаражат мөлшерін 3-4 есе азайтудың нақтылы жолдарын таптық. Бұл бақ шаруашылығын дамыту бағытында жасалған айтарлықтай жетістіктер деп айтуымызға болады. Олар: Сиверс алмасы негізінде алынған алма көшеттері шетелдік көшеттерден 3-4 есе арзан, Сиверс алмасының тамыр жүйесі жақсы дамығандығының арқасында ағаштарды сүйемелдейтін тіреуіштер (шпалералар), бұтақтарды байлайтын сымдар қажет болмай қалды, оның бағасы гектарына 4-5 млн. теңге, тамшылатып суғару жүйесін жан-жақты пайдалану су ресурстарын, тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға, жеміс ағаштарының биіктеп өсуін тежейтін технологиялар өнімді ысырапсыз жинауға мүмкіншілік берді. 

Бұл технологияларды пайдалану жаңадан бақ шаруашылығымен айналысамын деп әрекет жасап жатқан азаматтар үшін тұрақты табыс көзіне айналады деген пікірдеміз. Біздің ұсынып отырған технологияларды тек қана ауылшаруашылығына қолайсыз жерлерде ғана емес, кез келген аймақта қолдануға болады. Қол жеткізген жетістіктерімізден біз құпия жасамаймыз, қызығушылық танытқан бағбандарға қолымыздан келген көмегімізді көрсетуге дайынбыз.

Амангелді АПУШЕВ,
«Алмалысай» ЖШС стартап компаниясы ғылыми 
жобаларының жетекшісі, а.ш.ғ. докторы, профессор

 

Қатысты жаңалықтар

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

27.05.2026
Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

27.05.2026
Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26.05.2026
Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

26.05.2026
Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.