Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҮШТӨБЕДЕ КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫҢ ЖЕТЕКШІСІ МАРАПАТТАЛДЫ

19 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ҮШТӨБЕДЕ КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫҢ ЖЕТЕКШІСІ МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қараталдай әулиелі мекенге Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ арнайы іссапармен барды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке келген Амндық Ғаббасұлы талай жыл осы білім ордасын басқарған, бүгінде Кемел Тоқаев атындағы қоғамдық қордың жетекшісі болып отырған В.Спиридоноваға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» төсбелгісін табыс етті. Көп жыл ұстаздық еңбек етіп, мектептің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазіргі уақытта қоғамдық қорды басқарып, аталған мектептің оқушыларына көмектесіп отырған ізгі жан мұндай үлкен марапатқа әбден лайықты.

Амандық Ғаббасұлы зейнеткер ұстаздың жарқын істерін айта келе, кеудесіне «Алтын Барыс» төсбелгісін қадап, иығына камзол жапты. Салтанатты шарадан кейін В.Спиридонова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және үнемі ауданның өркендеуіне, білім саласының дамуына қолдау білдіріп жүретін аймақ басшысына алғысын білдірді.

— Бұл марапат жалғыз ғана менің еңбегім емес, мектепте еңбек етіп жатқан ұстаздардың да үлесі бар. Жалпы Қаратал ауданының марапаты десем де болады. Дәл қазіргі уақытта қордың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Онда елуден аса бала арнайы білім грантымен мамандық алып, аз қамтылған отбасыға арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Мұндай игілікті іс одан ары да жалғасын таба береді, — деп сөзін түйіндеді ұлағатты ұстаз.

Мұнан кейін Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бұлдыбаев өңірдің экономикалық даму көрсеткіші жайлы баяндады. Ауданда жиырма арендалық жеке тұрғын үй толықтай аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, келер жылы тағы да жиырма үй салу жоспарланған. Мұнымен қоса 30 пәтерлі бес қабатты үй де аяқталып, қоныстойын тойлауға жақын қалған.

Әкім ауданда көпбалалы отбасылар үшін алдағы уақытта тағы бес қабатты үй мен жеке жалға берілетін жиырма үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайын екендігін тілге тиек етті. Жұмыс барысында Кемел Тоқаев атындағы орта мектепті кеңейту мәселесі де сөз болды. Мектепке қосымша жапсаржай салу жайы шешімін тапты. Бүгінде орта мектепте мыңға жуық балаға білім беріліп отыр. Негізінен мектеп бес жүз балаға арналып салынған. Осындай ауқымды істер баяндалғаннан кейін Амандық Баталов аудан басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.