Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАЗУШЫ ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 қазан 2020
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАЗУШЫ ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының əкімі Амандық БАТАЛОВ Жамбыл ауданына барып, белгілі қаламгер, жазушы Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫН 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Жазушыға Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ құттықтау хатын табыстап, ізгі тілегін жеткізді. Бұл жайында Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің құттықтау хатында: ”Құрметті Жұмабай Шаштайұлы! 70 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Сіз осы мерейлі жасқа еліміздің руханият саласын өркендетуге сіңірген еңбегіңізбен, оқырмандарға сыйлаған тартымды туындыларыңызбен келіп отырсыз. Айтулы азамат, қарымды қаламгер ретінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты қызметтер атқарып, бірқатар республикалық басылымдарға басшылық жасап, қазақ баспасөзін дамытуға мол үлес қостыңыз. Алдағы уақытта заман ағымына өз үніңізді қосып, əдебиет əлемінде мол табыстарға жетіп, жаңа шығармаларыңыз жарыққа шығып, ел-жұрттың құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілеймін”, — делінген.

Облыс əкімі Жетісу жұртшылығының атынан қаламгерге шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тіледі.

Еске салсақ, Жұмабай Шаштайұлы — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты, Халықаралық Жамбыл атындағы жəне “Алаш” сыйлықтарының иегері. Алматы облысында туған. Республикалық БАҚ-тарда қызмет атқарған. “Жала мен нала”, “Жыр жолбарыс”, “Біздің заманның Аяз биі”, “Жаңғырық” сынды кітаптардың авторы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.