Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЕСІРТКІ ЕСІРТПЕСІН ДЕСЕК

9 қазан 2020
САЯСАТ
ЕСІРТКІ ЕСІРТПЕСІН ДЕСЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде заңсыз есірткі айналымы толастамай тұр. Мұның өзі  есірткіге тәуелділерді қылмысқа бастайтын тура жол деуге болады. Мысалы, биылғы тоғыз айдың ішінде есірткіге қатысы бар 524 қылмыстық құқықбұзушылық, 105 қылмыс орын алып, 4604227 грамм есірткі тәркіленген. 

Мұндай мәліметтер облыстық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Облыстағы барлық аудан мен қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысқан алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков нашақорлық пен заңсыз есірткі саудасының зардабы зор екендігіне тоқталып, отырыста төрт тақырып талқыланатынын жеткізді. Бірінші тақырыпқа байланысты баяндама жасаған облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Қазбек Мұхамедовтың айтуынша, есірткінің заңсыз айналымы еліміздің денсаулық сақтау саласы мен қоғам үшін аса маңызды мәселе болып отыр. Өйткені, көкнәр, апиын, анаша секілді табиғи есірткілердің қатары бүгінгі күні ұлғайып барады. Мысалы, бұл қатарға оңай кірген синтетикалық есірткі адамды өлімге апарады. Ел ішінде экстази, спайс, мефедрон деп аталатын синтетикалық есірткінің қатарында дәріханаларда дәрігердің рұқсат етуімен сатылатын трамадол көпшілікке қолжетімді. 
Ең сорақысы, қазіргі заңсыз есірткі саудасы «Инстаграм», «Телеграм», «Фейсбук» сынды әлеуметтік желілер арқылы жүреді. Оның жарнамасы қалалардағы ғимараттардың қалтарыстарына елеусіз түрде басылып жатады. Яғни, есірткі сататын сайттардың сілтемесі тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы қабырғасына бояумен салынады. Оны оқыған жасөспірімдер мен ақшадан қысылған студенттер есірткі тасымалдау желісіне қалай кіріп кеткенін байқамай қалады. Себебі, оның астарында оңай ақша табу мақсаты жатыр. Интернет арқылы ақысын алу үшін көрсетілген мекенжайға кез келген тапсырысты апаруға ұмтылатындар өздерінің не тасып жүргенін де білмейді. Сондықтан әлеуметтік желілердегі есірткі саудасын әшкерелеу керектігін ескерткен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Талдықорған қаласында 417 адам, Қапшағай қаласында 97 адам, Текелі қаласында 11 адам, Еңбекшіқазақ ауданында 58 адам, Ескелді ауданында 9 адам, Іле ауданында 103 адам, Қарасай ауданында 50 адам, Қаратал ауданында 16 адам, Алакөл ауданында 6 адам, Жамбыл ауданында 26 адам, Көксу ауданында 10 адам, Панфилов ауданында 45 адам, Кеген ауданында 9 адам, Сарқан ауданында 9 адам, Талғар ауданында 54 адам, Ұйғыр ауданында 2 адам есірткіге қатысы барлардың есебі бойынша тіркеуде тұрғанын жеткізді.
Келесі тақырып бойынша баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова, облыстық жергілікті полиция қызметінің басқарма басшысы Бағдат Ашимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Саят Сарқытов өңірдегі есірткімен күрестің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін таныстырды. 
Комиссия отырысын түйіндеген облыстық прокуратураның Қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Данияр Жарықбасов жалпы заңсыз есірткі айналымының адам мен қоғам денсаулығына тигізер зардабын, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне келтірер кесірін әңгімелеп, барлық аудан, қала әкімдіктері мен құзырлы органдардың басшыларына бұл бағыттағы жұмысты селқос атқаруға болмайтынын ұғындырды. Оның айтуынша, интернет желісіндегі есірткі саудасын түп-тамырынан құртпаса елімізде апиын мен нашаға тәуелділердің қатары арта түседі. Сол үшін бұл індетпен қоғам болып күресу керек. Әрбір саланың жұмысына жауапты мамандар қырағылық танытып, есірткі қолданушыларды назардан тыс қалдырмауы тиіс. Әйтпесе қараусыз кеткен есірткі саудасынан қаза табушылардың қатары ұлғайып барады. Мысалы, биылғы 9 айдың ішінде Талғар және Талдықорған қалаларындағы наркодиспансерде оннан астам емделушінің өлімі тіркелді. Бұл ресми тіркелген өлім. Ал, медициналық мекемелерден тыс жерде қайтыс болғандардың саны белгісіз. Осыған орай аса қауіпті синтетикалық есірткі – мефедронды дайындап, «Инстаграм» желісі арқылы саудаламақ болған Көксу ауданының 2 тұрғынын құқық қорғау органдары қамауға алды. Сондай-ақ, облыстық ҰҚК департаментінің мамандары былтыр А. Майоров есімді азаматты қолға түсірді. Ол «Телеграм» арнасы арқылы «скорость» деп аталатын психотроптық затты сатып алуға тапсырыс берген. Алайда аса қауіпті есірткіні саудалаушылар жазасыз қалды. Осындай нақты мәліметтерді алға тартқан прокурор есірткі саудасын түп-тамырынан жою үшін тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыру керектігін алға тартты.
Шынында ел мен жердің ертеңіне алаңдап, ұрпағының болашағы жарқын болуын қалайтын азаматтар бірлескенде  ғана мылтықсыз майданды тоқтатуға болатыны рас. Осыған орай облыстық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы ведомствоаралық комиссияның мүшелері қоғам дертінің таралуын   болдырмау мақсатында бірқатар өзекті мәселелерді белгіледі.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.