Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

ПРАЙМЕРИЗ: ЖЕТІСУЛЫҚ ПАРТИЯЛАСТАР ӘРДАЙЫМ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА ЖҮРЕДІ

09.10.2020
МІНБЕР
ПРАЙМЕРИЗ: ЖЕТІСУЛЫҚ ПАРТИЯЛАСТАР ӘРДАЙЫМ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА ЖҮРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде «Nur Otan» партиясы өткізген партияішілік іріктеу – праймериздің алғашқы кезеңі де өз мәресіне жетті.

Маңызды бастама Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ел тарихында тұңғыш рет республика көлемінде өтіп, партия жүйесінде тиімділігін көрсетті, партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып, нәтижесі де көрінді.

Ел ішінде үлкен жаңалыққа ие болған бұл іріктеуге Алматы облысынан 1116 үміткер тіркеліп, оның ішінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 1047-сі соңғы кезеңіне дейін қатысты. Бәйге ретінде өткен іріктеумізде 69 қатысушымыз әр кезеңде қатысудан бас тартып, бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттырды, 1 мандатқа 3 үміткер таласқа түсті.

Ұйымдастыру комитеті ретінде біз облыс, әр аудан-қалаларда барлық қатысушыларға теңдей мүмкіндік жасап, әдістемелік көмек көрсетіп, праймериз ережесінің негізгі талаптары бойынша ауқымды түсіндірме шаралары жүргізілді. Бұл әр ұйымдастыру комитеті мүшесінің атқарған еңбегі деп білемін.

Үгіт-насихаттық кезең ауқымды сипатқа ие болып, үміткерлеріміз шалғай ауылдан бастап үлкен қалаларға дейін әр «нұротандыққа», әр тұрғынға партия филиалының сайлауалды бағдарлама жобасы негізінде құралған өздерінің мақсат-міндеттерін түсіндіріп, 2 мыңнан аса өткен кездесудегі 130 мыңға жуық халықтан 1000-нан аса ұсыныс-аманаттарын жинады.

Қуантарлығы, бұл айтылған ұсыныстардың жартысынан көбі біздің сайлауалды бағдарлама жобасына енгізілген. Бұл дегеніміз, біздің бағдарлама қоғамның үдесінен шығып отырғандығын аңғартады. Заманауи технологияны қолдай отырып, үміткерлеріміз онлайн кездесу, Zoom, Skype конференция арқылы шаралар өткізіп, сандық технология — QR-код әдісінде үгіт парақшаларын да кеңінен пайдаланды.

Партияішілік іріктеуде үміткерлердің саяси шыңдалатын кезеңі ол — пікірсайыстарға қатысу болды. Сөз додасына қатысқан әр үміткер тек сайлауалды бағдарлама жобаларын түсіндіріп ғана қоймай, нақты іске асыру жолын да атап өтті. Бұл өз кезегінде үміткерлеріміз өңірдің мәселелерінің шешілу жолындағы ұсыныстары, азаматтық бастамалары қуантады.

Әр үміткерге, жалпы партияда маңызға ие – ол дауыс беру кезеңі болды. Жетісулық партияластарымыз 1 қазан, түнгі 00.00-ден онлайн дауыс беру басталған сәттен белсенділігін көрсетіп, алғашқы дауыс беруші ретінде декреттік демалыстағы жас маман тіркелді. «Праймериз» қосымшасы әрі веб-портал арқылы 68 мыңнан аса партияласымыз дауыс берсе, 3 қазан күні дауыс беру учаскелері ашылып, дәстүрлі, яғни, қағаз бюллетендер арқылы дауыс бергендер саны 8 924 азаматты құрады. Жетісулықтардың белсенді дауыс беруі аясында біз, республика бойынша алдыңғы шепке шығып, қатысу көрсеткіші бойынша 94,2% пайызға жеттік.

Енді біздің жұмыс мұнымен тәмамдалған жоқ. Алдағы уақытта аудан-қалалық конференцияларда дауыс көп жинаған үміткерлеріміздің пікір-сайыстары өткізіліп, жоғары нәтиже жинағандары облыстық конференцияда өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетпек. Қорытындысында ел үмітін арқалайтын, елдің мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, алтын көпір болатын партияластарымыздың тізімі жасақталмақ.

Біз праймериз арқылы қоғамдағы жаңа тұлғаларды танып білдік. Бәйге секілді жеңгендер, жеңілгендер болады. Осы орайда, дауыс көрсеткіші төмен үміткерлерді шетке шығармай, олардың қабілеттерін партияның бақылау, консультативті-кеңесші және басқа да органдарында пайдаланып, кеңінен бірлесе жұмыстарды атқарамыз деп жоспарлап отырмыз.

Қорытындылай келе, праймериз ел ішінде үлкен маңызға ие болды және қорытындысында ел дамуы жолында өз нәтижесін береді деген сенімдемін. Алар асуларымыз әлі алда және осы жолда жетісулық партияластарымызбен жеңісті жетістіктердің куәсі боламыз деген мақсатты алға қоямыз.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.