Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҮМІТІМДІ АҚТАДЫ

8 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ҮМІТІМДІ АҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», – деп мұғалімдер қауымына үлкен сенім, жауапкершілік артқан болатын. 

Адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам беделді қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек.      Қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолдың оңай емес екені рас. Мұғалімдік қызметте жұмыс атқарып келе жатқалы бері бұған өзімнің толықтай көзім жетті. Қиын болғанымен шаттанған шәкірттер мен ата-аналардың алғысын алу жанымды рахатқа бөлеп, кеудемді қуаныш пен мақтаныш кернейді десем, асыра сілтеп айтпаспын. Өйткені біздер, ұстаздар үшін, ең үлкен мақтау – оқушысының жетістікке жеткені. Жетекшілік еткен сыныбыңның кезекті бір шыңға шығуының себепкері әрі дәнекері бола білу – тіптен керемет сезім! 
Сыныбымдағы білімді де дарынды шәкірттерімнің бірі әрі бірегейі 9 «Б» сыныбының оқушысы – Бағдат Нұрсұлтан. Өзгелерден ақындық қабілетімен ерекшеленетін Нұрсұлтан 3 жыл көлемінде өлең шығарумен айналысып келеді. Еңбекқорлығы мен дарыны бір төбе болса, бойындағы намысшылдық пен туған жерге, елге деген сүйіспеншілігі мен шексіз махаббаты бір төбе.
Болашақта ол жаны лирикаға, сезімге толы ақындардың бірі болмақ. Жас дарынның оқу үлгерімі де жақсы,  болашаққа деген жоспарлары айқын. Қазіргі таңда менің бастамамды ұстаздар қауымы, мектеп басшылығы қолдап, оқушының шыңдалуына өз септігін тигізудеміз. 
Жастар жылына арнаған бір өлеңіне назар салып көрелік.  
Жастар жылы  – биік білім арқауы,
Жастар жылы – болашақтың бастауы,
Жастар жылы келешекке жол сілтер,
Қазағымның мәңгі шырқар жақсы әні.

Сабақ барысында шығарған өлеңдерін көрген сәтте-ақ бойында ақындық қабілеттің бар екенін ұғындым. Өлеңдерінен айналасындағы туған-туыстары, қоршаған орта, табиғатқа деген сүйіспеншілігі аңғарылады. Өзімен жеке тілдесіп, осы бағытта басқа да тапсырмалар орындатып, ойының ұшқырлығын шыңдап, ынталандыруға тырысып, бар күш-жігерімді салдым.  Шәкіртіне дұрыс жолды нұсқап, кәсіби тұрғыдан қолдау көрсете білу әрі сапалы да саналы азаматтарын тәрбиелеуге өз септігін тигізу – әр ұстаздың парызы. 
Жас дарын Нұрсұлтанның болашағы жарқын болатынына және алда үмітімді ақтар шәкірттерім көптеп шығатынына сенімім мол! 

Гүлмира Өтегенова,  
 Қарашоқы  орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі
 Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.