Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

ПРАЙМЕРИЗ: ЖЕТІСУЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ СӨЗ АЛАМАНЫ СӘТІМЕН АЯҚТАЛДЫ

30.09.2020
МІНБЕР
ПРАЙМЕРИЗ: ЖЕТІСУЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ СӨЗ АЛАМАНЫ СӘТІМЕН АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Праймериздің нақ қоғам үшін қажет екені үміткерлердің арасында өткен пікірсайыстан аңғарылды дейді былайғы жұрт. Айтса айтқандай. Себебі 14 қыркүйекте басталған сөз аламаны талайдың делебесін қоздырып, елім-жерім деген арда тұлғалардың мінберден сөйлеуіне мүмкіндік берді. Жай мүмкіндік емес, «елге берерім бар» деп тізгін тартқан үміткерлердің ел алдына шығып, қандай шаруаға ебі барын дәлелдейтін шақ болды бұл.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай барлық пікірсайыс санитарлық талапқа сай өтті. Көрермендердің һәм адамдардың көп шоғырланбауын қадағалаған ұйымдастырушылар әлеуметтік желі арқылы өңір тұрғындарының онлайн режимде сөз аламанын тамашалауға мүмкіндік берді. «Nur Otan» партиясы сандық технологияның мүмкіндігін ескеріп, тікелей эфир мүмкіндігін жақсартатын құрылғыларды барынша қолданды. Мұнан өзге, пікір-сайысқа қатысушылардың қорғаныс құралдарын қолдануын жіті назарда ұстады. Бастысы елдің саулығы, жұрттың амандығы.

Хош, Жетісу өңірінің үміткерлері екі аптаға созылған сөз аламанында 183 топқа бөлініп, 5-7 кісіден мінберге шықты. Праймеризге қатысушылар пікірсайыстың бекітілген ережесіне сай әуелгі бөлім бойынша өз бағдарламасы мен елге, өңірге қандай өзгеріс әкелмегін саралайды. Содан кейін екінші кезең бойынша бірге үзеңгі тартқан келесі үміткерлерге сұрақ жолдап, оның бағдарламасы мен өресін де бағдарлайды. Тиісінше, үміткердің өзіне де сұрақ жолданады. Бұл кезеңнің мақсаты – «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген, тосыннан түскен сөзге мүдірмей өтудің жолы сыналады.

Үміткерлер не айтты? Жұртты да осы сауал қызықтырады. Әрине, әр үміткер әр саланың білгірі, алымы мен қарымы бөлек, тұтас жұртты болмаса да, біршама кісіні сөзіне тоқтата алатын, иландыратын тұлғалар. Олардың қатарында тәжірибесі толысқан дәрігер, білігі жеткілікті мұғалім, мойындалған банк қызметкері, тіпті, қаламын қару еткен журналистер де бар.

Бастысы, үміткерлер қатарында жастардың басымдығы байқалады. Әуелгі сауалға оралсақ, «Nur Otan» партиясы праймеризді ұйымдастырудағы басты мақсаты – қоғам өміріне прогресс әкелу. Сол прогресс кандидаттар арқылы келмек. Онда да олардың ой-өресі һәм қарым-қабілеті арқылы жасалмақ. Әрине, елін сүйген, жерін сүйген азамат отанға, туған топырағына титімдей пайда әкелсем дейді.

Мәселен, үміткерлердің бірі Жетісу өңірінің экологиялық ахуалына алаңдап, заманауи жабдықтардың көмегімен қайта өңдеу жүйесін енгізу керегін сөз етсе, енді бірі тарихи орындардың сақталып, ұрпақ сабақтастығына орай қолдану қажетін тілге тиек етті. Енді бірі жастардың әлеуметтік жағдайын түзеу үшін балақтан кіріп, жағаға өрмелеген жұмыссыздық мәселесімен әуелден күресу керегін сөз етіп қана қоймай, шешу жолын да тарқатты. Айта берсек, үміткерлер арқалаған талай оңтайлы жобалар бар.

Осымен праймериз аясындағы пікірсайысқа да нүкте қойылды. Облыстық партия филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, пікірсайыстарға облыстық және аудан-қалалық партия филиалдарының төрағалары қатысып, қатысушылардың сайлауалды бағдарламаларының мақсат-міндеттерін де саралапты. Алда дауыс беру кезеңі – нақ шешуші кезең.

Айта кететін жайт, «Nur Otan» партиясы праймеризі 17 тамызда бастау алып, шешуші кезеңі 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беру науқанында айқындалмақ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.