Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ТОҒЫЗЫНШЫ РЕТ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

28 қыркүйек 2020
САЯСАТ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ТОҒЫЗЫНШЫ РЕТ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай ауданының тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын Жібек жолы ауылдық округіндегі сауда үйінің алдында белгісіз біреудің «Айфон» маркалы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Сондай-ақ, жергілікті блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында қылмыс болған сәттегі оқиға орнында түсірілген бейнежазба жарияланған.

Жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұлтартпас айғақтар негізінде ол қылмысын мойындап, ұрланған телефонды сатып жібергенін айтты.

— Оқиға орнындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында қылмысқа қатысы бар күдіктінің өзге біреудің қалтасынан телефон ұрлаған сәті жазылғаны анықталды. Күдікті бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін 8 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — деп хабарлады Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Бақыт Тотыбаев.

Тергеу барысында күдікті азаматтың ұрланған телефонды Алматы қаласындағы базарлардың бірінде сатып жібергені белгілі болды. Дегенмен, ол зардап шегушінің материалдық шығынын толығымен өтеді. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеретін болады.

Өз кезегінде полицейлер қалта ұрлығының алдын алу үшін құнды дүниелерді киімнің сыртқы қалтасына салмау керектігін және жеке заттарға өте мұқият болу қажеттілігін ескертеді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.