Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

АРДЫҢ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН

25.09.2020
МІНБЕР
АРДЫҢ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыз: «Шөлмен  жүрсең де жолмен жүр, жол елге жеткізер»  деп бекер айтпаған ғой, шіркін! Өйткені, қасиетті қара жол барша тіршілік иесін бағыт-бағдары бойынша діттеген жеріне апарып, мақсат-міндетіне қол жеткізуге септігін тигізіп жататыны анық. Сондықтан ғой, сапарға шыққан адамның алдағы тағдыр тәлейін «Жолың болсын» деген ақжарма тілегі арқылы қасиетті қара жолмен байланыстырып жататыны.

Осынау ауыл мен ауылды, қала мен даланы жалғап жатқан күрежолдардың бүгінгі таңдағы киесі де, иесі де елі мен жері үшін адал қызмет етіп, көптің ыстық ықыласына бөленіп жүрген абзал азаматтар екені   анық.Сондай азаматтардың бірі де бірегейі – бүкіл саналы ғұмырын республикалық маңызы бар күрежолдардың құрылысымен байланыстырып келе жатқан Ержан Жасыбаев туралы азды-көпті сыр шерткеннің артықтығы жоқ шығар деген ойдамын. 
Бүгінгі таңда Алматы облысының  «Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тізгінін ұстап жүрген Ержан Бәкірбайұлының еңбек жолы Өскемен жол-құрылысы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіргелі осы қасиетті күрежолмен біте қайнасып келе жатқанын екінің бірі біле бермесі анық. Бірақ, шындығы солай. Мен Ержанды сөзіме арқау еткенде жол үстінде өтіп келе жатқан өмірін емес, сол күрежолға іскер азамат, өз ісінің білгірі ретінде қосып келе жатқан үлесі туралы айтпақпын. Ерекең оқу бітіре салып, мамандығы бойынша жұмысқа кіргенде небәрі 24 жаста екен. Жаспын деп жоқты сылтау етпей, алғашқы күннен-ақ  оқу орнынан алған теориялық білімін нақты іс жүзіне асыруға білек сыбана кірісіп, өзін қолынан іс келетін, болашағынан үміт күттіретін азамат ретінде танытып үлгеріпті. 1989 жылдан бастап Жамбыл облыстық  Жол пайдалану басқармасында  жол шебері болып істеген еңбек жолы осы саланың бас инженері, жол участогінің бастығы, облыстық «Жамбылавтокөлік» коммуналдық мекемесінің, сондай-ақ, «Қазавтожол» РМҚК Жамбыл филиалының бас инженері қызметтерімен байланыса өрбіді. Осы саладағы әр күнін ізденіске жалғап, тәжірибелі инженер, білікті басшы ретінде таныла білді. Өз мамандығының білгірі ретінде танылған Ержанның еңбегі жоғары басшылық орындар тарапынан лайықты бағаланып, оған зор сенім артылды. Сөйтіп, 2001-2008 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық филиалы бастығының орынбасары, 2008-2013 жылдары осы комитеттің «Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры, 2014 жылы «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы ММ ұлттық компаниясының директоры қызметтерін абыроймен  атқарды. 2014 жылдан осы уақытқа дейін «Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет етіп келеді.
Ержан Бәкірбайұлының күрежол үстіндегі ерен еңбегі атсыз-аяқсыз қалған жоқ. Тәуелсіз еліміздің түрлі деңгейдегі мақтау-марапаттарымен бағаланды. «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Көлік құрылысына сіңірген еңбегі үшін» мерейтойлық ерекшелік белгісі, ҚР ТЖМ «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Қазавтожол – 10 жыл», «Құрметті жолшы» төсбелгілері, «ТМД құрметті жол құрылысшысы» медалі өңірінде жарқыраса, ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталуы іскер азаматтың мерейін өсіргені анық. Ержан, сонымен қатар, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы ретінде де абырой арқалап жүрген абзал азамат.
Ержан Жасыбаевтың Райымбек ауданының автожол құрылысына қосқан үлесі де өз алдына бір төбе. 2018 жылы батыр баба атындағы аудан бөлінбей тұрып облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен Нарынқол ауылының ішіндегі ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын жеті көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың ризашылығын арқалады. Іс мұнымен ғана шектелген жоқ. Ағымдағы жылы Ержанның басшылығымен Райымбек ауданындағы Кеген – Нарынқол – Қаратоған – Байынқол автокөлік жолдарының 0-27 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған жолдарды жыл соңына дейін пайдалануға беру үшін бар мүмкіндік жұмылдырылуда. Сонымен қатар, Текес – Тегістік –Қақпақ – Қайнар бағытындағы автокөлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Нарынқол – Сүмбе автожолының 9-шақырымында орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көп ұзамай ел игілігіне жарайтын болады. Сол сияқты Қайнар, Сарыжаз, Текес, Сүмбе ауылдарында халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша, Текес, Сарыбастау ауылдарында жергілікті бюджет арқылы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жайы бар. Бұдан бөлек, Райымбек ауданының Сарыжаз – Қарасаз – Текес автожолының 24-32,2 шақырымын және аталған жолдар арқылы Тұзкөл ауылына баратын жолдың 0-6,776 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
Мемлекет пен халық сенімін адал әрі мінсіз атқарып, адами құндылықты бойына молынан сіңірген абзал азамат қай кезде де өзінің рухани адамгершілікке негізделген туа- бітті ұстанымынан айныған емес. Білім-білігі, адами қасиеті, ерен еңбегі мен басшылық жолындағы жинаған мол тәжірибесі ардың жүгін арқалап жүрген азаматты ел-жұрттың қадір-құрметіне бөлеп келе жатқанын қалай айтса да орынды. Бойындағы барша қажыр-қайраты мен ерік-жігерін туған елі мен жерінің көгеріп-көктеуіне, өсіп-өркендеуіне жұмсап келе жатқан Ержан Бәкірбайұлы 2020 жылғы «Nur Otan» партиясының  партияішілік іріктеуіне үміткер болып отыр. Ардың жүгін қайыспай арқалап жүрген абзал азаматқа Райымбек ауданы «Nur Otan» партиясының мүшелері оның сайлауалды бағдарламасымен таныса отырып, ел алдындағы еңбегін бағалайтынына, қолдау көрсетіп, бірауыздан дауыс беретініне сенімдері мол десем, қателеспеймін.

Ызғарбек  БЕКТҰРСЫНОВ,
еңбек ардагері,   
Райымбек  ауданының  Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026
Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.