Талдықорған: +5°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

ПРАЙМЕРИЗ: ҚАЗАҚСТАНДА 42 МЫҢ 500 ТЕҢГЕГЕ ӨМІР СҮРУ ӨТЕ ҚИЫН

25.09.2020
МІНБЕР
ПРАЙМЕРИЗ: ҚАЗАҚСТАНДА 42 МЫҢ 500 ТЕҢГЕГЕ ӨМІР СҮРУ ӨТЕ ҚИЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус індеті әлемді өзгертіп, мемлекеттегі көптеген мәселелерді анықтап берді. Сонымен бірге, басты байлығымыз халықтың өмірі мен денсаулығы екендігін ұғындырды. Мен алған білімім мен тәжірибемді қордаланған мәселелерді шешуге және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жұмсау үшін «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатырмын. Бұл мен үшін берілген мүмкіндік деп есептеймін. Сондықтан халықтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

1. Ең төменгі жалақыны кем дегенде екі есеге көбейту керек. Өздеріңіз білетіндей, 42 500 теңгемен өмір сүру өте қиын. Жолақы, коммуналдық қызметтер, тамақ, балалар, олардың киімдері мен біліміне кететін шығындарды есептеп көріңіз. Отбасында ешқандай жинақ немесе көмек болмаса, ең төменгі жалақы мөлшерінде өмір сүру мүмкін емес. Біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қойдық, бірақ 100 долларға тең жалақымен біз бәсекеге әзір емеспіз.

2. Инфляция көрсеткіштері негізінде жалақыны міндетті жылдық индекстеу (жоғарылату). Тауарлар мен қызметтердің күн санап өсіп келе жатқанын бәріміз білеміз, бірақ көп жағдайда біздің жалақымыз қандай да бір себептермен өзгеріссіз қалады. Осының салдарынан табыстар жыл сайын төмендейді.

3. Мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын екі есеге көбейту қажет. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, тұрғын үй және әлеуметтік қызметтер және т.б. салаларына мән беру қажет. Жалақыны өсіруді ең алдымен ауылдық және аудандық деңгейде жүзеге асырға тиіспіз, мұнда мамандардың айлығы 80 мың ғана теңгені құрайды. Әдетте, мемлекеттік қызметшілер – ең алдымен халықты ойлауы керек. Бірақ осындай аз жалақымен халық қажеттілігі екінші орынға түсіп қалады, әрине біріншгі орынға отбасын асырау шығып кетеді. Мысалы, Сингапурда ХҚКО-ның қарапайым қызметкері 5000 доллар алады. Осының барлығы сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендетеді. Әрине, біз мұндай жалақыны елестете аламаспыз, дегенмен, жалақыны екі есеге көбейту кезек күттірмейтін мәселе.

4. Әрбір бала туған кезде кемінде 2 миллион теңге берілуі қажет. Тәжірибеге сүйенсек бұндай төлем Ресей Федерациясы мен басқа да дамыған елдерде жүзеге асырылады. Ақша баланың туылған кезде шотына салынады және оны кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға беріледі. Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 400 000 бала туады, сондықтан бұл мақсат үшін бюджеттен 800 миллиард теңге бөлінуі керек. Аталмыш сома, әрине, үлкен бірақ тәуекелге баруға тұрарлық. 18 жасқа дейін баланың есепшотына мемлекет аударған сомманың жыл сайынғы өсімі 10 пайызды құрайды. Демек, қаражат 10 миллион теңгеге дейін өседі. Оны кейін бала білім алуға, тұрғын үй сатып алуға, жеке кәсіпкерлікті ашуға пайдалана алады. Сондықтан бұл қаржы мемлекеттің әр азаматқа салатын ұзақ мерзімді инвестициясы.

ӨМІРБАЯН

ӘЛІМБАЕВ Данияр Кеңғазыұлы Алматы қаласында инженерлер отбасында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Қазақ мемлекеттік заң институтын экономист және заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы, Іле ауданындағы «Ремстройтехника» АҚ-да заңгер-консультант болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданы «Ремстройтехника» АҚ заңгер-кеңесшісі, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, «Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастығының штаб басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің бас кеңесшісі, «Әйтей» ЖШС-нің Алматы қаласындағы заң қызметінің жетекшісі, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ-ның кадр қызметі басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Алматы облысы бойынша қаржы басқармасы басшсының орынбасары, 2018 жылан бастап Алматы облысының қаржы басқармасының басшысы қызмпетін атқарып келеді.

Жетісу ауданы мен Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Алғыс хаты, Астананың 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерекелік медальдарының иегері.

 

5. Мемлекет жеке шаруақожалықтарға тұрғын үй салуға немесе жеке қосалқы шарушалығын іске асыру үшін жерді жалға беруді басшылыққа алған жөн. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орында, ал халықтың тығыздығы жағынан ең төмен көрсеткішке ие, бір шаршы километрге 6 адамнан келеді. Сонымен қатар, азаматтардың көпшілігінде жеке меншік жерлері жоқ, тәжірибеге сай, көптеген жерлер пайдаланылмай қалып жатыр. Мемлекет азаматтарға жер беру арқылы мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешеді, сонымен қатар адамдарға егіншілікпен немесе мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді.

6. Көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алуға 1 миллион теңгеге дейін қайтарылмайтын тұрғын үй сертификаттарын және қажет болған жағдайда ай сайынғы несие төлемдеріне ішінара субсидия беру керек. Бұл тәжірибе Алматы облысында бар. Сондықтан 2019 жылы 186-дан астам мұқтаж отбасылардың көптен күткен тұрғын үй сатып алуына 1 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Қазіргі уақытта мемлекет көптеген әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруда. «7-20-25», «Бақытты отбасы», «5-10-20» бағдарламаларының барлығы бастапқы жарнаны қажет етеді. Сондықтан кез келген отбасы өз үлесін қосуға мүмкіндігі бола бермейді. Тұрғын үй сертификаттарын беру мұқтаж жандарға баспана сатып алу үшін қажетті алғашқы төлемді төлеуге көмектесіп қана қоймай, мемлекет кезегінде тұрған жандарды пәтерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекет бірінші кезекте үй салу қажет және екінші кезекте 1 пәтер сатып алуға 10-15 миллион теңге бөлуі керек. Осылайша, мемлекет үй салудың немесе сатып алу үшін тұрғын үй сертификатын рәсімдеп, кезекте тұрған 10-15 адамнан тұратын тұрғын үй мәселесін қысқа мерзімде шеше алады.

7. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілгендер, зейнеткерлер, мүгедектер, жалпы табысы 150 мың теңгеден аспайтын көп балалы отбасылар және басқалар) қызметтері үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік көмек төлемдері.

8. Ең төменгі зейнетақыны, әлеуметтік төлем мен көмекті 85 мың теңгеге дейін арттыру.

9. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын шектеу және қажетті тауарларды жеңілдетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер ашу. Қазіргі уақытта үкімет нан бағасын төмендету үшін субсидиялаумен айналысуда. Республиканың әр аймағында тұрақтандыру қорын құру және бағаны бақылау функциялары болып табылатын әлеуметтік және кәсіпкерлік компаниялар құрылды. Осылайша, ӘКК арзан бағамен көтерме сауда жасай алады және сол өнімдерді жеңілдетілген бағамен сатуға мүмкіндік туады.

10. Жергілікті атқарушы органдар жанынан қайырымдылық қорларын құру және олардың жұмыс істеуі, мұқтаж азаматтарға қаржылай көмек көрсетуіне мүмкіндік жасау. Пандемия кезінде «Біргеміз» қоры тек ірі кәсіпкерлерді, еріктілерді ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтарды біріктіру арқылы 500 мыңнан астам адамға жан-жақты көмек көрсетті.

11. Алматы облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының сапалы орындалуына бақылауды қабылдау және жүзеге асыру.

12. Әкімшілік-имидждік шығындарды азайту арқылы, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін әлеуметтік төлемдерді көбейту.

13. Бизнесті көлеңкелі экономикадан шығаруға бағытталған іс-шаралар жүргізу.

14. Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар шаралар қабылдау.

15. Аудан мен қалала әкімдерін жылдық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалмауына байланысты отставкаға жіберу. (Жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті ашу, инвестиция тарту, салықтарды жинау, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салу, мұқтаж азаматтарға тұрғын үй немесе жер беру, тауарлардың бағаларын шектеу).

16. Парламент мүшелерінің сайлаушылар алдындағы жылдық есептерін дайындау.

Егер мен депутат болып сайланған жағдайда, ашықтық пен адалдық қағидатын ұстануды, тұрғындарға атқарылған жұмыс туралы хабарлауды, туындаған кез келген мәселелерді тиімді шешуге атсалысуды өзімнің міндетім деп санаймын. Сонымен қатар, республика бюджетін бекіту немесе басқа да заңдарды қабылдау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу кезінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатының жоғарылауын қамтамасыз ететін боламын.

Данияр ӘЛІМБАЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.