Талдықорған: +15°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САРҚАН ӨҢІРІ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

24 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
САРҚАН ӨҢІРІ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН
WhatsAppTelegramFacebook

«Сарқан жылу» мекемесі қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуде,» — деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында орталық қазандықтың және қаладағы орталық жылу магистралінің ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, аяқталуға жақын.

«Сарқан жылу» мекемесінің директоры Рахат Рахметовтың айтуынша, Сарқан өңірі биылғы жылыту маусымына толық дайын. «Қатты отынның маусымдық қажеттілігі 7,171 тонна болса, қазіргі таңда көмірді жеткілікті етіп қамдап алдық. Сондай-ақ, 7500 тоннаға арналған көмір қоймасы да бар. Жалпы, барлығы 130 нысанға қызмет көрсетеміз. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, көпқабатты, жеке тұрғын үйлер, халыққа қызмет көрсету орталығы, балабақша және жеке нысандар бар. Жылуға жаңадан қосылған нысандар жауапкершілігімізді күшейте түсетіндігі сөзсіз. Дегенмен, осынау зор міндетті айқын сезіне отырып, маусымды ойдағыдай өткереміз деген сенімдеміз», — деді ол.

Табандылықты талап ететін мекемеде 34 қызметкер табысты еңбек етуде. Жыл басынан бері елімізде осы салаға біршама көңіл бөлініп, «Сарқан жылу» мекемесі қызметкерлерінің орташа айлық табысы шамамен 83 мың теңгеге жеткен. Мекеме жұмыстарын бастағалы ешқандай апаттық жағдай тіркелмеген, бұл ұжымның ерен еңбекке негізделген жүйелі жұмысының жемісі деуге толық негіз бар. Бірақ сондай апаттық жағдайлардың алдын алу үшін мекеме 16 техникамен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, аудан орталығынан басқа ауылдық округтердегі әлеуметтік маңызы бар нысандар жылыту маусымына дайын. Нақтырақ айтсақ, жалпы бюджеттік ұйымның саны 137, оның 41-і орталық жылу қазандығына қосылған, 52-сі сұйық отынмен, қалған 44-і қатты отынмен жылынады.

Қазірі таңда барлық мекеме кәсіпорындар жылыту маусымына сақадай сай. Жалпы алғанда, аудан тұрғындарына 40 мың тонна қатты отын қажет болса, бүгінгі күні 26 мың тоннасы сатып алынған. Айта кеткен жөн, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында осы бағыттағы жұмыстарға 108 млн.теңгеден аса қаражат бөлінген.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28
Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Бүгін, 12:25
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.