Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ ТОЙЛАНЫП ЖАТЫР

19 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ ТОЙЛАНЫП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

«Қиыншылық өтпелі, Абай мәңгілік» деп Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлы ақынның ұлық бейнесі жүрек айнасында жарқырап тұр.

Мұхтар Әуезов «үш аралық» деп таңбалап кеткен өңір ерекшелігіне енді көзіміз жете түскендей. Керіле көлбеп жатқан өркеш-өркеш тау сілемдерінің аралығын осылай атаған екен-ау! Мынау – Шілікті, анау  болса  – атақты Қарауыл төбе, алдыңыздан көлденеңдей маңғаз көрініс берер қасиетті Шыңғыстау!

Киелі мекен Жидебайға жеткенше кім-кімнің де аңсары басыла қоймасы хақ. Абай мен Шәкәрімнің мемориалдық кешені алып ақ кемедей алыстан көз тартады онсыз да шүпілдеп келе жатқан сезіміңізді үстемелеп. Жүрегіңіз атша тулап, алға ұмсына түсесіз. Табаныңыз жерге тиіп, қазақ руханияты алыптарының мәңгілік тыныс тапқан топырағы алақаныңызға тигенде ғана өз-өзіңізге келгендей күйге енесіз!

Иә, бұл – әлемге Абайдай алыпты әкелген, Мұхаңның «Абай жолы» эпопеясына арқау болған алтын аймақ. Қалай мадақтап, қаншалықты үкілесеңіз де, шырайын жеткізе алмас асыл арнамыз, ұлттық қыбыла, темірқазығымыз! Мемориалдық кешен мен Жидебайдағы Абайдың музей-үйі жадымызды атойлата жаңғыртып, ұлылық атаулының қарапайым қалпын санамызда қайталай қалыптады.
Жолшыбай заңғар жазушымыз М.Әуезовтің Бөрілідегі шыр ете дүние есігін ашқан үйіне, Қасқабұлаққа, Еңлік-Кебек басына, Құнанбай қажының қорымына тәу етіп, ерекше әсерге бөлендік. Семейдегі киелі тарихи орындар мен мұражайлардағы жүздесулеріміз осылайша өзіндік өзекті жалғасын, өрнекті әуезін тапты.

Ежелден төскейде малы, төсекте жаны табысқан іргелес ықыласты жұрт екендігімізді білдіре жеткен бетіміз. Аймақ басшысы Амандық Баталов пәтихасын берген соң облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаевпен бірге атқа қонған едік.

Байырғы шаһарымыз да, қалың жұртшылық та хакім Абайдың 175 жылдық тойының  қамымен дайындық көрігін барынша қыздыра түскен. Тарихи орындарды жаңғырту, жаңа ғимараттарды дер кезінде беру, көшелер мен  үйлердің аулаларын, бақтарды абаттандыру жұмыстары бел алған.

Солардың қатарындағы облысымыздың мерекеге тартуы іспетті Мұхтар Әуезов көшесіне аллея орнату ісімен таныстық. Құрылысшылар аталмыш тартуымызды қазан айының соңында қолдануға бермек. Қазірдің өзінде бұл көше қыздың жасауындай күйге еніп қалыпты. Бастапқы көріктеліп үлгерген бөлігінде қала тұрғындары мәз-мәйрам демалып жүр. Әсіресе, аллея сұлулығына таң-тамаша қала арлы-берлі шапқылап жүрген балдырғандар бақытты-ақ!

Сол арада бізге бір тұлымшақты талапты қыз Абай атасының бірнеше өлеңін оқып берді. Өзі мектеп қабырғасын да аттап үлгермепті. Қыздың анасы ақ ниетін жасыра алмады: «Осы аллеяны сырттан келген құрылысшылар жасап жатыр деп естігенбіз. Алматы облысынан екенін өздеріңізден біліп тұрмыз. Той – қазына ғой. Алла разы болсын. Үлкен сыйлық бұл деген. Емін-еркін тынығатын мәдени жағдайдың бәрін жасап жатырсыздар. Мына айнала төселген қымбат тастар мен гүлзарларды айтсаңызшы, көздің жауын алады. Сәлем жеткізіңіздер жетісулықтарға. Ұлы Абай ақынның рухы баршамызды бір атаның балаларындай біріктіре бергей!»

Жергілікті телеарнаның «Сәлем, Семей» атты бағдарламасының тікелей хабарына қатыстық. Абай атындағы кітапханадағы зиялы қауыммен жүздесу де тебіреністі өтті. Марлен Көлбаев Жетісу жерінде жыл басында жарияланып, көктемде қорытындыланған «Адамзаттың Абайы» атты мүшәйраға қатысқан ақындар шығармалары топтастырылған үлкен жинақты және өзге де сый-сияпатын табыстады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесінің басшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін өткеніміз бен өткелімізді ұштастыра лебіз білдірді. Ел ардағына айналған әншіміз Бейбіт Мұсаев көпшілікті сүйсіндіре бірнеше ән шырқады.

Жергілікті өнер жұлдыздары да қарап қалмады. Өскеменнен арнайы жеткен облыстық мәдениет басқармасы басшылығы, Абай атындағы әмбебап кітапхана директоры Гүлнара Жігітбаева, республикалық «Абай» қорының президенті Отантай Кәріпжанов, өзге де ғалымдар мен қоғам қайраткерлері сөз алды.

Барлығы да Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуге орай үкіметтік комиссия құрғандығына, Абай күнін 10 тамыз деп нақтылы белгілеп бергендігіне, «Абай-Жидебай» мемориалдық кешенін жөндеуге, Абайдың кіндік қаны тамған мекен сырт Қасқабұлақ пен Ақшоқыдағы Құнанбай қорымын абаттандыруға, инфрақұрылымды дамытуға арнайы қаржы бөлгендігіне қатты ризашылықтарын білдіріп отыр. Осылайша Қасқабұлақ және Ақшоқыдағы Құнанбай қорымы еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына енгізілмек. Бұл жерлер Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің құрамына кіреді екен. Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салынбақ.

Сауын айтылса да төтенше індет салдарынан сайын даламызды дүбірге бөлей алмай бөгеліңкіреген ұлы данышпанымыздың тойы, өзі айтпақшы, әр рухты қандасының жүрегінде тойланып жатыр деп есептейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жуырдағы Жолдауындағы: «Қиыншылық өтпелі, Абай мәңгілік» деген қанатты сөзі ойға оралады осы мезет! Рас, әлемдік ақыл-ойдың шынарына айналған Абай рухын, Абай тағылымын жалпақ жұртқа жалындата жеткізу арқылы ғана алға озарымызды түйсінген сайын кенен ұрпақ алдындағы жауапкершілік жүгі салмақтана түсетін секілді!

Елхан РАМАЗАН

Талдықорған — Семей — Жидебай — Талдықорған

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.