Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ АЙШЫҚТАЛДЫ

18 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ АЙШЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу руханиятының қарашаңырағы саналар – театр шымылдығын түрді. Қырық бесінші маусымды Бикен Римова атындағы облыстық драма театры С. Алексиевичтың «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквиемімен ашты. Карантин ережелерін сақтай отырып көрермен қабылдаған рухани ордада өткен ғасырдың сұрапыл жылдарына сана жетелеткен қойылым көрсетіліп, жүректерді тебірентті. Жанардан жас парлатты. Премьера көпшіліктің көңіл мұхитында Ұлы Отан соғысын тың жағынан жаңғырды.

Әуелі киелі сахнаға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров көтеріліп, ақ тілегін арнады.

– Қазақ поэзиясында «Көрмегелі көп айдың жүзі болды» деп келетін жыр жолдары бар. Сол айтылғандай киелі сахна саңлақтарымен қауышып, өнерін тамашаламағалы да біраз уақыт өтті. Енді міне, рухани орда шымылдығын түріп, 45-ші маусымын ашты. Бұл – күллі өнерсүйер қауым үшін мереке! – деген Төлеужан Нүсіпжанұлы карантин кезінде де театр өнерпаздары көп еңбек етіп, онлайн түрде көрерменмен етене жұмыс жасағанын жеткізді. Өз кезегінде Б. Римова атындағы облыстық драма театры диреторының орынбасары Ғалия Темірбаева сөз алып, көрерменді қатты сағынғанын жеткізіп, театр тарихы мен өнер ошағының іргетасын қалаған саңлақтарды сөз етті. Жас және орта буынның аршынды қадамы мен таланты тұрғысында тебірене сөйледі.

Өнерпаздар мен көрермен қауым індет кезінде марқұм болған театр саңлағы Азат Базаргелді мен әдебиет бөлімінің меңгерушісі Үсен Өмірзақовты еске алғанан кейін, көшіліктің көңілін толқытып, жан-жүйесін босатқан премьера сахналанды. Алапат жылдардың ашылмаған ақиқаты айшықталғандай көрінді. Әсіресе, азаматына тілекші болып үйде қалып қоймай майдан даласына аттанған келіншектер мен жас құрақтай желек атып тұрған шағында өрт ортасына тәуекелмен бас тіккен арулар бейнесі асқақтады. Майданға кеткен әкесінің соңында қалған бес бірдей қыздың ұрыс даласына сұранып кеткенінен басталған қойылым нәзікжандылардың қаһармандық образын айшықтады.

С. Алексиевичтың «Соғыстың сұрқы әйелге жат» (У войны не женское лицо…) реквиемін Марал Хасен қазақша тәржімаласа, қоюшы режиссер, сценограф – Баатырбек Шамбетов проза жанрында жазылған шығарманы спектакльге айналдырған. Туынды ұрыс даласындағы жауыдың дүркін-дүркін шабуылымен, сол шабуылдан жүрегі шайлығып, бара-бара қайратына мінген, жаралы солдаттарға көкмек қолын созған арулардың жан-таласқан қарбаласымен жан толқытты. Әсіресе, жаңа туған нәрестенің шырылын фашистер естіп қойып, қырылып қаламыз деген әз ананың өз перзентін суға батырып өлтіргені қойылымның шарықтау шегіндей көрінгені бар. Дегенмен, 4 жыл қан кешіп, жеңіс туы желбіреген шақта «маған тұрмысқа шықшы?» деп сұрау салған азаматқар қарап: «Қан кешкеннен қатын шықпайды. Қай бетіңмен маған ти дейсің?» деп нәзік жаратылысынан айырған сұрқай жылды қарғыстаған қыздың жан-айқайы да жанардан жас сырғытты. Алайда, қойылым соңында жеңіспен елге келген қызына: «Сіңлілерің тұрмысқа шықпай қалады. Соғыста қалың еркектің арасында болғаныңды естісе, азаматтар сіңлілеріңе жоламайды. Үйден кет!», – деген ананың жазғыру сөзі, бұл қаралаудан ашынған жауыңгер жанның ашынуы қаралы жылдардың қатпарына сүңітіп, адам рухына тиген снариядтан да ауыр сөздің жаудан емес, жақыннан атылғанын, ондай теріс ойдағыларды тарихтың өзі кешірмейтінін көрерменге ұқтырғандай болды. Жалпы айтқанда, тың туынды театрды сағынып жеткен көрерменнің көңілін көкжиекпен астастырғандай болды!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.