Талдықорған: +9°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«39 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР»: РУСТАМ ӘЛИ БАСҚАРМАҒА СЫН АЙТТЫ

18 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
"39 МЫҢ ЖАС ЖҰМЫССЫЗ ЖҮР": РУСТАМ ӘЛИ БАСҚАРМАҒА СЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында 39 мың жас бос жүр. Оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Сайда саны, құмда ізі жоқ бос сенделіс. Әрине, бұл жақсы ақпар емес. Сондай-ақ, биылғы алғашқы жартыжылдықта Алматы облысында 2,5 мың отбасы ажырасқан. Мұны мамандар індеттің кесірінен жастардың жұмыссыз, табыссыз қалғандығынан деп біледі. Облыс әкімінің орынбасары Рустам ӘЛИ осы мәселелерге байланысты облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасында жиын өткізді.

– Жақында Президент Әкімшілігінде қабылдауда болдық. Алматы облысында орын алып отырған кемшіліктер айтылды. Жастар саясаты мәселелері басқармасы атқаруы тиіс шараларда кемшілік орын алған. Жастардың көшбасшылары белсенді, абыройлы, сөзін басқаға өткізе алатын, өзі үлгі бола алатын адам болуы тиіс. Мүлде жұмыс істемейсіңдер деп айта алмаймыз. Әсіресе, індет орын алғанда, еріктілер, көпшілікке көмектесуде белсенділік таныттыңдар. «Біз біргеміз» акциясында ұшан-теңіз шаруа атқарылды. Бірақ біржақты ғана жұмыс істеуге болмайды. Тәрбиелік шаралар ұмытылып қалмауы тиіс. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында көптеген шаралар қолға алынды. Соған жастар тартылуы керек. «Жас келсе – іске» деген емес пе? Қара жұмыстан қашпау керек. «Жасыл Ел» ұйымы жазғы маусымда ғана жұмыс істейді. Сондықтан, болашақта «Жас отау» жастар жасағын құрамыз. Жастар жасағы баспана салумен айналысатын болады. Яғни, қыз-жігіттерді құрылыс жұмысына бейімдеп, оқытып, үй салуға үйретеміз. Бүгінде  індетке байланысты басқа облыстан келіп жұмыс істейтін көптеген құрылыс компаниялары карантин кезінде аумаққа кіре алмай қалған. Соның салдарынан құрылыс қарқыны бәсеңсіген. Өзімізден құрылыс топтары құрылса, жұмыс тоқтаусыз жүретін еді, – деген Рустам Әлиұлы облыстық жастар саясаты басқармасының жұмысына көңілі толмайтынын айтып, жауапты мамандарға жанды тапсырмалар берді.

Жиында 2025 жылға дейін жастарды жұмыспен қамту және бос уақытын тиімді пайдалану бағытындағы бағдарламаға өзгерістер енгізу қажеттігі айтылды. Жас отбасылардың ажырасуына байланысты психолог мамандарды көмекке тартуды ұсынылды.

— Жастармен жұмыс істей алатын мамандарды салаға көптеп тарту керек. Мен білемін, сіздер М.Тазабеков, А.Назаров сынды елге танымал тұлғаларды шақырып, жастармен кездесу өткізіп жүрсіздер. Бұл – дұрыс. Бірақ тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін жастарға сөзі өтетін мамандарды өздеріңіздің араларыңыздан да шығару қажет, — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, ол бір аптадан кейін жастарға қызмет көрсету орталығының өкілдерімен тағы да кездесу өткізетінін айтты. Сол кезде сала мамандарының ұсынысын тыңдап, жобада атқарылатын жұмыстарды талқыламақ. «Басқосу барысында презентацияларыңызды көрсетесіздер. Айта кетейін, маған қалыптаспаған шикі идеяларыңыз керек емес. Барлығы нақты болуы керек», — деді Рустам Әли.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.