Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

14 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Алматы облысындағы өзендердің су деңгейінің төмен болуына байланысты «Қазсушар» РМК өңірдегі шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізген болатын. Атап өтсек, бірқатар гидробекет пен су тораптары салынды. Су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынды. Арнайы мамандардан құрылған комиссия су тапшылығы байқалған аймақтарға барып, суармалы судың тең бөлінуін қадағалады.


«Қазсушар» РМК Алматы облыстық бөлімшесінің директоры Смайыл Қуметовтың айтуынша,  су деңгейінің төмен болуына байланысты аталған мекеме бөлімшесінің мамандары өңірдегі өзендерден су берілу тәртібін әзірлеген. Жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесе отырып су беру кестесі дайындалған. Соңғы бір айдың ішінде өңірде су тапшылығы жойылып, жағдай тұрақталған. Ақсу ауданында күрделі кезеңде қалыптасқан су тапшылығы мәселесін оңтайлы шешкені үшін «Келешек», «Квитко» және «Қылышбеков» сынды жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары гидротехник мамандарға алғысын айтты. Шаруалар да тәулік бойы кезекшілік жасап, суармалы жерлерге су жеткізгені үшін ризашылықтарын  білдірді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша төрт ауданда су тасымалдау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға таяды. Олар Алакөл, Ақсу, Көксу және Ескелді аудандары. Аталмыш елді мекендердегі суармалы жерлердің жалпы аумағы 35,4 мың гектарды құрайды. Ислам Даму банкі осы өңірлердегі су нысандарын қалпына келтіру үшін 18 млрд. теңге қаражат бөлген. Бүгінгі таңда Ескелді ауданындағы механикалық тазарту мен каналдардың бетон төсеніштерін жаңарту жұмыстары да аяқталған. Ал, Ақсу ауданындағы қайта жаңғырту жұмыстары 2021 жылдың үшінші тоқсанында мәресіне жетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Алматы облыстық бөлімшесі 7 аудан мен 2 қалаға суармалы су береді. Олар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай және Талдықорған қалалары. Бөлімше балансында 15 су жинау торабы, 9 су қоймасы және 5 мың шақырымдық су тарату желілері бар. Ол арқылы 8 ауданның шаруа қожалықтарына суармалы су жеткізілуде. 

Биылдың алғашқы 6 айында аталмыш мекеме бөлімшесі 7 мыңнан аса шаруа қожалығымен келісімшарт жасаған. Қазіргі таңда көрсетілген қызмет шеңберінде 441 880,0 мың текше метр су таратылған. Ал межеленген жоспар 397 526 мың текше метр десек, жоспар асыра орындалған.

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.