Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРЫҢ ТАЗА МА, АЗАМАТ?

14 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір мекеменің төрінде ілулі тұрған “Жемқорлыққа  жол     жоқ!” – деген сөз тек ұран ғана болып қалмай, әр басшының ар-намысының, ынсабының жалауы болуға тиіс . “Қарақұрт жеп қой семіреді, пара жеп би семіреді” демекші, айналамызда әлі де жең ұшынан жалғасқан “бармақ басты, көз қысты” баршылық.


Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсібін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара алу.

Елімізде қызметін, мансабын асыра пайдаланып пара алатын, кәсіпкерлігін жүргізу немесе әртүрлі жеңілдіктер мен қызмет алу үшін пара беретін жағдайлар ауыр қылмысқа жатқызылып, заңдық жауапкершілік арқалату шаралары қабылданған. Мысалы, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандар өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, қамауға алынып, сотталады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдар жүзеге асуда. Сондай-ақ,  Қазақстан  осы мәселе жөнінде халықаралық конвецияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі. Жемқорлықты жеңу – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевың нақты шешімдерінің бірі. Сол себепті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та осы жолғы Жолдауында азаматтардың мүддесін қорғау жолындағы әділетті мемлекет құру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат етпей, өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне қатаң тыйым салынуы керек дегенді қатаң ескерте отырып, сыбайлас жемқорлық туралы мәлімдеген адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыруды тапсырды.

 Биыл әлемді жайлаған ауыр індет  елімізге де ауыр сынақтар алып келуде. Адам өмірі мен әлем сынға түскен осынау тарихи кезеңнен аман өтіп, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру жолында адал еңбек ету әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Президентіміздің дұрыс бағыт-бағдар, сара саясатын жадымызда сақтай отырып, тәртіп-түзімге саналы бағынуды, заңның кемелділігін қорғауды өзімізден бастай отырып, аса жауапкершілікпен ел ертеңі үшін еңбек етуден жалықпауымыз керек.

 Қ. ПИЛАЛОВ,
облыстық әділет департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.