Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

13.09.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық мәслихат депутаттарымен, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары және аудандық, қалалық қоғамдық кеңес төрағалары бірлесіп, онлайн форматта жиналыс өткізді. Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серік МҰҚАНОВ ашып, жүргізіп отырған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы талқыланып, онда көтерілген мәселелердің орындалу барысы талқыланды.


Тақырыпқа байланысты баяндама жасаған облыстық мәслихат  хатшысының міндетін атқарушы Серік Мұқанов:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Жолдауын жария етіп, Елбасы тарапынан қабылданған Ұлт жоспары мен бес институционалдық реформаларды іске асыру маңыздылығын атап өтті. Басты мақсат – жұмыс орындарын және халықтың табыс көзін сақтау. Мемлекет басшысы ауылшаруашылығын дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Негізгі міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді қамтамасыз ету. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырау мерзімі келесі жылы аяқталады. Сондықтан келесі бесжылдыққа саланы дамытудың жаңа сапалы ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі, еліміздегі ауылшаруашылығы жалпы өнімінің 17 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз, – деп Жолдау жүктеген міндеттерді таныстырып өтті.

Тақырыпқа байланысты сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты Жамал Құлахметова, Ұйғыр аудандық мәслихатының депутаты Нұрәкім Есжанов, Іле аудандық мәслихатының депутаты Роза Абилова, Талдықорған қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жексенбай Мейрембаев, Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов Жолдауда көтерілген мәселелерге пікір білдіріп, білім, денсаулық  сақтау, мемлекеттік қызмет салалары бойынша және биылғы карантин кезінде атқарылған жұмыстарға, қоғамдық пікірге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Онлайн отырыстың екінші бөлімінде облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаев биылғы жылға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына қатысты баяндама жасап, қоғамдық бақылаудың нәтижесін таныстырды. Оның айтуынша, облыс аумағында құрылысы жоспарланған 977 құрылыс нысанының 956- сында да жұмыс толығымен аяқталмай отыр. Оған себеп, биылғы карантин шаралары мен тендер шараларының уақытынан кешіктіріліп өткізілуі. Атап айтқанда, облыс бойынша құрылыс жұмыстарының дайындығы 80-90%-дан асатын 325 нысан бар. Олардың бәрі жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Әйтпегенде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы бөлінген қаржы толық игерілмей қалады. Осыған байланысты барлық аудан, қалалардағы қоғамдық кеңестің төрағаларына тапсырма жүктеген облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы барлық нысандардың жұмысын бір тексеріп шығуды міндеттеді. Өйткені, «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен қолға алынып отырған жобалардың жекелеген кемшіліктері анықталып отыр. Мысалы, Алакөлдің аумағын санитарлық-гигиеналық желілермен қамтамасыз ету жұмыстары әлі басталмаған. Оған себеп техникалық өзгерістерге байланысты конкурс  қайтадан жарияланып отыр. Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылындағы 1500 орынды мектептің құрылысы қолға алынбаса, «Таңбалы Тас» қорық-музейінің аумағын санитарлық-гигиеналық желілермен көріктендіру жұмысының келісімі бұзылған. Оған қаржының жетіспеушілігі себеп болған. Ал, Еңбекшіқазақ ауданында 1500 орынды мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әлі дайын болмай тұрса, Ескелді ауданының орталығы Балпық би селосындағы Тәуке хан көшесін жөндеу жұмыстарының құжаттардың мемлекеттік сараптамадан өтпеуінен басталмағаны анықталды.

Мұндай кемшіліктер басқа аудандарда да белгілі болып отыр. Мәселен, Іле ауданындағы 3 ауылда салынуы тиіс мектептердің жобалық-сметалық құжаттары дайын емес. Қарасай ауданында 1500 орынды мектеп құрылысының құжаттарын дайындау жұмысы аяқталмаса, «Үшқоңыр» қыратын санитарлық желілермен абаттандыру жұмыстары басталмаған. Сонымен қатар, Қаскелең қаласындағы «Қазақстанның 10 жылдығы» көшесіне, Еңбекші аулындағы Райымбек көшесіне, Көксай ауылының Арай көшесіне, Кемертоған мектебіне кірер жолға жасалуы тиіс орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Кеген ауданының Жалаңаш ауылындағы көшелер сапасыз жасалып жатса, Кербұлақ ауданындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығының аумағын санитарлық-гигиеналық желілермен абаттандыру жұмыстары басталмаған. Көксу ауданының Ақтекше, Көкбастау, Бесқайнар, Жарлыөзек ауылдары мен Көксу стансысындағы жекелеген көшелердің жөндеуі толық аяқталмаған. Сондай-ақ, Көксу ауданының Алғабас ауылдық мектебі мен Ақтекше ауылындағы Қабан жырау атындағы орта мектепті жөндеу жұмыстары мерзімінде бітпеген. Сарқан ауданындағы Көкөзек орта мектебіне салынуы тиіс ішкі әжетхана құрылысы әлі жүргізіліп жатса, Теректі, Көкжиде, Бақалы ауылдарындағы жолдың құрылысы басталмаған. Талғар қаласындағы «Талхиз» қалашығының аумағын санитарлық-гигиеналық желілермен абаттандыруға қажетті конкурс үш рет өтпей қалса, Талдыбұлақ ауылының кәріз жүйесін жасау және жөндеуге қажетті құрылыс жұмыстарының конкурсы мүлде өтпеген. Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалына салынуы тиіс 5 дәретхананың құрылысы қолға алынбаса, Қапшағай қаласының аумағындағы «Таңбалы тас» петроглифін санитарлық-гигиеналық желілермен қамтамасыз ету жұмыстары басталмаған. Облыс орталығы Талдықорған қаласына қарайтын Ынтымақ ауылындағы 1200 орынды мектептің құрылысы конкурстық шаралардың өткізілмеуінен тоқтап тұр.

Міне, осындай кемшіліктер мен олқылықтар анықталған онлайн отырыста облыстық қоғамдық кеңестің мүшелеріне қадағалау, тексеру бағытындағы жұмыстарды тоқтатпау керектігі ескертілді. Жиынды қорытындылаған облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Тойбаев өңірлердегі әріптестеріне жаңа міндет жүктеді.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.