«Балқаш ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты жайлы халықты құлақтандырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Стандарт дегеніміз – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік-құқықтық акт.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
3) www.еgov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Қазіргі уақытта «Балқаш ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сегіз мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
2. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату;
3. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
5. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
6. Сауда-саттықты (конкурстарды, акциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
7. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
8. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
«Балқаш ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары жазылған стенд ілініп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында жеке куәліктегі ЭЦҚ-ны оқуға арналған картридер аппараты бар. Кез келген азамат осы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына ЭЦҚ-сымен келіп, өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Мемлекеттік қызметтерді әр азамат өз үйінде жеке ғаламтор желісі болса «Еgov.kz» порталы арқылы немесе жеке ұялы телефондағы еGovmobile қосымшасы арқылы да алуға болады.
Е. МҰСЫРПАНОВ,
Қарой ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы
Балқаш ауданы




