Талдықорған: +9°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР БОЙЫНША ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ

7 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР БОЙЫНША ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Талғар ауданының жұртшылығы зор ықыласпен тыңдап, жылы қабылдады.

Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген ұсыныстары мен бастамалары ары қарай жалғасатыны айтылып, қоғамның дамуы үшін атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар көрсетілді. Ендігі міндет – Президенттің алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыру екендігі аудан активінің жиынында кеңінен тарқатылды.

Әрбір қазақстандық үшін зор маңызға ие бұл Жолдауды талқылауға аудандық мекеме, кәсіпорын, комитет, басқарма басшылары, бөлім жетекшілері, еңбек ардагерлері, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, аудандық-ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Шарада Жолдауда белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев баяндама жасады.

— Мемлекет басшысы Елбасы тарапынан қабылданған Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны іске асыру маңыздылығы туралы атап өтті. Басты мақсат – жұмыс орындарын және халықтың табыс көзін сақтау. Осыны жүзеге асыруда Мемлекет басшысы алдымызға 11 міндет қойды, – деп баяндамасын бастаған Серікжан Қазиұлы жаңа Жолдаудың басты міндеттерін тарқатты. – Жолдаудан туындайтын нақты міндеттердің бірі – мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін мемлекеттік қызметкерлердің 10 пайызын, келер жылға 15 пайызын қысқару жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан әрі Жолдауда аталған нақты міндеттер бойынша аграрлы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары мен әлеуметтік-экономикалық дамуында атқарылуға тиіс нақты қадамдар жайын сөз етті. Сонымен қатар, Жолдауда атап айтылғандай, шағын және орта бизнестің үлес салмағын 2025 жылға дейін 35 пайызға арттыру талабын орындауға да аудан кәсіпкерлері жұмыла атсалысу қажеттігіне тоқталды.

Елдің әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа Жолдауда баса айтылған білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту, сондай-ақ, аудан халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жинақталған зейнетақы қорындағы қаржысын тиімді пайдалану сынды өзекті мәселелердің мән-жайына тоқталған аудан әкімі С.Ерекешев ел Президентінің жаңа Жолдауы қоғам дамуына жаңа серпін беретіндігін айрықша атады.

Баяндамадан соң жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Матан Бекбосынов, Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қайрат Исабаев, белорусь этномәдени бірлестігінің төрайымы Жанна Третьяк және Талғар қаласындағы №1 орта мектептің директоры Зәмзәгүл Мушрапилова Президент Жолдауының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер әсер-ықпалының зор екендігін ерекше атап өтті.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.