Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҮЙІНДЕ ЕСІРТКІ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

6 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
ҮЙІНДЕ ЕСІРТКІ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында есірткі өсімдіктерін үйде өсірумен айналысқан қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Күдіктінің ауласынан қарасора түріндегі 21 түп өсімдік тәркіленді. Полицейлер 57 жастағы үй иесінің құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысқанын анықтады.

— Тыйым салынған өсімдіктерді өсіру дерегі Іле ауданы, Көкқайнар кентінің саяжайында тіркелді. «Наркотик» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бұрын есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін бірнеше рет сотты болған саяжай тұрғынының қарасора өсіріп, оны суарып, күтім жасайтындығы туралы ақпарат келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға келген тәртіп сақшылары үй иесін таба алмаған, себебі, ол бау-бақша арқылы ізін суытқан. Қашып кеткен азаматтың жұбайының қатысуымен жүргізілген жер учаскесін қарау кезінде құқық қорғау органдары қарасора түріндегі өсімдіктердің 21 түбін және ерекше иісі бар өсімдік тектес ұсақталған заты бар газеттік ораманы тауып, тәркіледі, — деді Алматы облысы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мұхамедов.

Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды.

— Біз түнде күдіктіні ұстадық. Ол тыйым салынған өсімдікті өзі үшін, яғни, марихуананы өндіру және пайдалану мақсатында өсіргенін жеткізді. Тергеу барысында ұсталған азаматқа қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы таңдалды, — деп толықтырды Қазбек Мұхамедов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында 464 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған, оның 364-і есірткіге қатысты теріс қылық және 100-і таза есірткі қылмысы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.