«Мектеп – кеме, білім – теңіз» деген ежелден келе жатқан аталы сөз бар. Сол ұғымды ұран етіп, білім теңізінде мектеп кемесіне мінген ұлағатты ұстаздар ұлықты ұлдар мен қылықты қыздарды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді.
тіп жүрген Жерұйық ауылындағы білікті басшы Айшолпан Рахимбаева басқаратын Нағарашы орта мектебінің өткен жылда жеткен жетістіктері мен алдағы уақытқа қойған мақсаттары жайлы сөз еткім келеді.
Ұжым үлкен емес, десе де өткен оқу жылында жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырарлық. Атап айтар болсақ, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Ерназар Байсеркеев Талдықорған қаласында өткен облыстық «Жыл мұғалімі» байқауынан жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А. Нұрабаева, Ә. Райымбеков, Б. Нұрсағат, Мұрат Заманбековтің шәкірттері де әрдайым аудандық, облыстық, республикалық спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері де Жаркент қаласында өткен республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауына жиырма оқушыны үш тілде көркемсөз оқуға дайындап, нәтижесінде 4 оқушымыз жүлделі болды.
Жалпы мектепте өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын, жас та болса іскер мұғалімдер баршылық. Жастарға білгенін үйретуден жалықпай, өздері де қалыспай заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп жүрген Т. Сарсембекова, Т. Бакирбаева, Д. Шайзатова, М. Магаметова, Ж. Мейірманова, Г. Кибраева сынды аға буын әріптестеріміз үлгі тұтарлық шебер ұстаздар.
Мектеп басшысы заманауи, жаңашылдықты жақсы көретін жан болғандықтан басқаларымыз да көштен қалыспай, әрбір жаңа әдістемені уақытымен меңгеруге тырысамыз. Тәжірибе алмасу мақсатында курс, семинар- тренинг, шеберлік сыныптары мен мектеп ішіндегі тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысуларымыз да басты назарда.
Тоғжан ҚАСҚАРБАЕВА,
ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі
Панфилов ауданы





