Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ПАНФИЛОВ АУДАНЫ: КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІККЕ ӨТКЕНДЕР САНЫ ҮШ ЕСЕГЕ АРТТЫ

3 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
ПАНФИЛОВ АУДАНЫ: КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІККЕ ӨТКЕНДЕР САНЫ ҮШ ЕСЕГЕ АРТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіподақтардың аз уақытта жеткен жетістіктеріне қарап, аталған бірлестіктің қоғамда өз орны бар ұйым екендігіне көз жеткізуге болады. Кәсіподақ ұйымдарының бүгінгі күні жұмысының нәтижелі болуының сыры оның түбі терең тарихында.

Бастапқы кезеңнен алға қойған мақсаттары мен міндеттерінен таймаған кәсіподақ ұйымдары бүгінде болашаққа нық қадам басуда.

Жалпы кәсіподақты – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар ретінде білеміз.  Алайда оның құрылымы мен атқаратын жұмысы қоғамда үлкен рөлге ие.

Болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен елдің ертеңі ұстаздар қауымына тікелей байланысты. Сондықтан білім саласындағы кәсіподақ ұйымдары мемлекеттік мекемелермен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағынан бастау алған қоғамдық бірлестіктер жергілікті жерлерде тиімді жұмыс үлгісін ұсынып, нәтижесін педагогтар көруде.

Осындай белсенді де, білікті кәсіподақ құрамында «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Панфилов аудандық филиалы да бар.

Отыз екі жылдық тарихы бар кәсіподақ филиалын Есіркеев Нури Есіркеұлы, Ахметова Асия Тұрсынқызы, Илахунов Рахимжан Баудинұлы  сынды қоғам белсенділері төрағалық жасады.

Панфилов аудандық филиалы алғаш құрылғаннан бүгінгі күнге дейінгі мүшелерінің саны үш есеге артты. Жергілікті ұстаздарға үнемі қолдау танытып, әрдайым мәдени-көпшілік  шаралар ұйымдастырып, қажеттіліктеріне қарай материалдық көмек көрсетуді әдетке айналдырған. Білім беру мекемелерінің қызметкерлерін ынталандыру және денсаулықтарын нығайтуға ерекше назар аударылып, «Жаркент-Арасан», «Сарыағаш» шипажайларында жолдамалар тұрақты беріледі.

Бұдан өзге кәсіподақ соңғы үш жылда жаңа бағытта жұмысын жандандыра түсіп, ардагер ұстаздар мен жас мамандарға көңіл бөліп, «Педагогикалық еңбек ардагерлері» және «Жастар» кеңесін құрды. Қазіргі уақытта аталған кеңестер аға буын мен жастар арасындағы алтын көпірге айналып, ұстаздар арасындағы мәселелерді дер кезінде анықтауға және шешуге ықпалдарын тигізуде. Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ филиалы жоғарыда аталған бағыттар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялап, көпшілікке тұрақты таныстыруда.

Кәсіподақтың кешегісі тарихқа, бүгінгісі нақты қадамға мән беріп, ертеңі заман талабына сай өзгеруі керек. Оған барлық кәсіподақ мүшелері бірлесіп қызмет етсе, мақсатына жетері анық.

М.ТҰРЛЫБЕКОВ,

«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.