Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ға сүйене отырып, ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде аймақта ауа райы күрт өзгеретінін хабарлайды.
Алматы облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірде дауыл тұрып, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Дауылды ескерту ықтималдығы 85-90 пайыз.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





