Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ БІРНЕШЕ КҮН КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖҰМЫС ІСТЕДІ

31 тамыз 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ БІРНЕШЕ КҮН КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖҰМЫС ІСТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полиция қызметкерлері бірнеше күн күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысының полициясы қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтті. Жедел жағдайды бақылауды күшейту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың уақытылы алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы облысының полициясы 25-27 тамыз аралығында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

— Жедел бөлімшелерді жұмылдыра отырып, базарларда, сауда орындарында, вокзалдарда жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген шаралар есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарын анықтауға және жолын кесуге, жеңгетайлықпен, жезөкшелікпен, адам саудасымен айналысатын адамдарды анықтауға, балалардың қараусыз жүру деректерін әшкерелеуге, көше қылмысымен айналысатын адамдарды ұстауға бағытталды. Сонымен қатар, полицейлерге жеке күзет агенттіктерінің мобильді топтары, қаланың қоғамдық тәртібін сақтауға белсенді қатысатын полицияның ерікті көмекшілері қол ұшын созды, — деді Алматы облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов.

Аталған іс-шара аясында Алматы облысында бір тәулік ішінде 1000-нан астам құқықбұзушылық әшкереленді.

— Бұл күндері Алматы облысының полиция қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды. Барлық жерде әр ауданның полиция басқармаларында полицияның кешенді және берілген күштерінің бірыңғай таратылымы жүргізілді. Ол жерде командирлер оларды учаскедегі ағымдағы криминогендік жағдай туралы міндетті түрде хабардар етеді, ашылмаған қылмыстар бойынша бағдар береді, сондай-ақ, әдетте, көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын әкімшілік заңбұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша міндеттер қояды. Нақты айтсақ, облыс бойынша кезекші тәулік ішінде саптық және жедел бөлімшелердің күшімен 32 қылмыстың «ізі суымай» және бұрын жасалған 19 қылмыс ашылды. Олардың қатарында тонау, бұзақылық, есірткі заттарын сату, бөтеннің мүлкін ұрлау, зорлау, алаяқтық, суық және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері, өзгенің көлігін айдап әкету және басқаралар бар, — дейді Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Серік Жүнісбеков. Сонымен қатар, полиция құқық бұзушылық жасағаны үшін 1029 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Олардың ең көп тіркелген құқық бұзушылықтардың бірі – ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу.

— Осы жұмыс аясында әрбір ауланы аралау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде жергілікті полицейлер міндетті түрде есепке алынған және бұрын сотталған азаматтарды, ал ювеналды полиция қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларды тексерді. Кешенді негізде бұл жұмыс облыстағы криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартуға, сондай-ақ, кез келген сипаттағы құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берді, — деп қорытындылады подполковник Серік Жүнісбеков.

Алматы облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер барлығы 3591 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты бойынша: ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша жылдамдықты асырғаны үшін 268 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен қарама-қарсы жолаққа шыққаны үшін төрт адам жазаланды және ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат бермегені үшін 75 жүргізуші жазаланды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілерге 476 әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 34 жүргізуші ұсталды, оның ішінде 32-сі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал екеуіне қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өйткені оларды бұрын сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырған.

25 тамызда 22 сағат 13 минутта Қаратал ауданы, Ортатөбе ауылында 2020 жылдың наурыз айында 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған «ВАЗ-21063» автокөлігін басқарған 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

25 тамыз күні сағат 19.52-де Қарасай ауданында «Мерседес бенц» автокөлігімен Ақсеңгір стансысының 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Екі факті ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілерге сотқа дейінгі тергеу кезінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.