Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚАУПІ ЖОҒАРЫ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ БЕТІ ҚАЙТПАЙ ТҰР

24.08.2020
КҮНДЕРЕК
"ҚАУПІ ЖОҒАРЫ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ БЕТІ ҚАЙТПАЙ ТҰР
WhatsAppTelegramFacebook

Өкіншке қарай, Алматы облысы тұрғындарының арасында қатерлі ісікке шалдығушылар қатары азаймай тұр. Аймақтағы онкологиялық ахуалды екі облыстық көпсалалы диспансер бақылайды. Оның бірі Талдықорған қаласында болса, екіншісі Алматы қаласында орналасқан. Мегаполистегі диспансер негізінен облыстың оңтүстік аймағындағы аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Бұл тақырыпқа egemen.kz сайтының Алматы облысындағы тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқали зерттеу жасады.

Қазір Алматы аймақ­тық көпсалалы клиникада 8976 пациент тіркеуде тұр. Жалпы, жыл сайын қатерлі ісікке шал­дыққан 2 мыңға жуық адам есепке алынады. Ал биылғы 6 айда диспансерлік 879 адам тексе­ріліп, 709 тұрғыннан дерт­тің алғашқы белгілері анық­талған.

– Жалпы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан қауіп­сіздік шараларын толық сақ­тай отырып, пациенттерді амбу­латориялық және жоспарлы түрде қабылдауды тоқтатқан жоқпыз. Алайда жаңа тәртіппен жұмыс істеуге тура келді. Өйт­кені пациентке емді үздіксіз жүргізу қажет. Тіпті, блок-бекет­тер орнатылған кезде аудан орталығы мен ауылдарда тұратын пациенттерді клиникаға арнайы жедел жәрдем бригадалары тасымалдады. Соның нәтижесінде карантин уақытында 2593 адам толыққанды ем қабылдады, – дейді клиниканың бас директоры Саяхат Олжаев.

Осы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары пандемия кезінде де науқастарға амбулатолық қабылдау жүргізіп, диагностикалық зерттеу жасауды тоқтатқан жоқ. Со­нымен қатар, аудандарда паллиа­тив­тік және мейірбикелік көмек­тің қолжетімділігін арттыру үшін мобильді бригадалар ұйым­дастырылған. Мобильді бригаданың қызметкерлері карантин кезінде 4704 науқасқа көмек көрсеткен.

Айтпақшы, облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Алты ай аралығында мобильді топ 300 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен. Яғни, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен са­лыс­тырғанда шақырулар саны 2 есеге өскен. Облыс әкімдігі та­ра­пынан жедел жәрдем қызмет­керлерінің жүктемесін жеңілдету, көлік санын көбейту үшін қосымша қаржы бөлініп отыр. Осы мақсатта жыл соңына дейін қосымша 100 жедел жәрдем көлігі келмек. Атап айтқанда, 70 көлік лизингімен, 30 көлік жергілікті бюджет қаржысына сатып алынбақ.

Аты жаман аурудың күрт көбеюін онколог дәрігерлер бір­неше факторға сілтейді. Табиғи паталогияның асқынуы мен сырт­қы жарақат салдарынан пай­да болатын обыр түрлерін айтпағанда, қазір рак ісігінің асқынуына әлеуметтік жағдай жиі әсер ете бастапты. Адамның жүйкесіне түскен салмақ пен саламатты өмір салтының сақ­талмауы дерттің пайда болуына ғана емес, ем қонбайтын деңгейге дейін жетуіне себепші болып отыр екен. Қалай болған­да да онкологиялық ауруға шал­­дық­қандардың қатары жыл сайын азаймай тұрғаны ақи­қат. Өйткені, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының дерегі бойынша қазір ғалам­шарда қатерлі ісік ауруына шал­дыққан 20 миллионнан астам науқас бар. Оның ішінде аты жаман дерттің алғашқы белгісі жыл сайын 30 мың адамның бойынан анықталады. Ал Қазақстанда обыр диагнозымен 180 мыңнан астам тұрғын тіркеуге алынған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» жеңіспен бастады

08.07.2026
Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.