Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 2020 жылдың 24 шілдеде Facebook әлеуметтік желісіндегі Бакытжан Базарбектің парақшасында Қаратал ауданында қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, ауылшаруашылық жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру бойынша өткізілген конкурс туралы жағымсыз жарияланым анықтады.
Осы мәселе бойынша бейнебайланыс арқылы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, Қаратал аудынының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қаратал ауданы әкімінің орынбасары – Жер комиссиясы төрағасының, Балпық және Бастөбе ауылдық округтері әкімдерінің тараптарынан шешімдерді қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткендері үшін Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңеспен Қаратал ауданының әкіміне мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысын жою ұсынылды.
Өз кезегінде Қаратал ауданы әкімдігімен Балпық ауылдық округінің әкімін лауазымнан босатылуы қаралуда. Бұдан бөлек, 2020 жылдың 21 тамызында аталған департаментпен бейнебайланыс арқылы Жер кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





