Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«МОНТАЖ ЖАСАЛҒАН»: ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЫ ДӨРЕКІЛІГІ ҮШІН ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

13 тамыз 2020
КҮНДЕРЕК
"МОНТАЖ ЖАСАЛҒАН": ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЫ ДӨРЕКІЛІГІ ҮШІН ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді. Бұл жайында «Tengrinews.kz» тілшісі мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл оқиға 12 тамызда болған. Сауда үйінің сатушылары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне алдына жиналған. Олар Ерғали Сыдымановтан азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұраған. Себебі, өңірде 3 тамыздан бастап, мұндай дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салыныпты.

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша, сатушылар мұндай талаппен осыған дейін де келген.

— Мұны естіген соң, мен көшеге шықтым. Мен кәсіпкерлерле облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және олардың жұмысы неге тоқтағанын түсіндірдім. Әңгіме көлік бөлшектерін сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы болды. Олар 2 тамызда №23 қаулы бойынша жабылды. Біз барлық базарды жайдан-жай аша алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз — коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, — дейді Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты.

Оның пікірінше, желідегі видеоға монтаж жасалған. «Маған белгісіз себептерге байланысты видеоға монтаж жасалған. Әңгіменің мазмұны өзгерген. Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар, бірақ мен кәсіпкерлерге олардың жұмысы уақытша неге тоқтағанын түсіндіруге тырыстым. Видеода болған оқиғаның жағымды жағы көрсетілмеген. Кәсіпкерлермен жақсы сөйлестік. Нәтижесінде олар карантиннің аяқталуын күтетін болды. Бірақ бұл сәт видеода жоқ», — деді Алматы облысының бас санитар дәрігері. Сонымен қатар, ол Денсаулық сақтау министрлігіне түсініктеме жазып жібергенін атап өтті.

— Егер олар қаласа, мен өз әрекетіме жауап беруге дайынмын, — дейді Ерғали Сыдыманов. Сондай-ақ, ол халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескен видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.