Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АЛТЫН ОРДА» КҮЙІН ШЫҒАРДЫ

7 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
«АЛТЫН ОРДА» КҮЙІН ШЫҒАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблінің өнерпаздары жан-жақты өнерлерімен танылуда. Таяуда ғана Гиннестің рекордтар кітабына енген өнерлі ансамбль қазақтың өнер қоржынын домбыраның күмбірімен үндескен тағы да бір туындымен толықтырмақ. 

Жиырма төрт жастағы домбырашы әрі топтың концертмейстрі  Айбек Әрімбек Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығы тойланатынын халыққа жария еткен соң соған арнап күй шығару туралы ой келгенін айтады. Домбырамен қатар шаңқобыз, сыбызғы аспаптарын да жақсы меңгерген күйшінің айтуынша, алғашқы туынды бір жетінің ішінде туған.
– «Күй өте жылдам ырғақпен орындалады. Бұдан қазақ батырларының бейнесін көруге болады. Жалпы, жастарымызға патриоттық рух беру үшін шығарылған дүние. Үш бөлімнен тұратын күй шамамен екі минутқа созылады», – дейді Айбек Кенжебайұлы.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылының  тумасы,  24 жастағы өнерпаз шығармашылыққа 14-15 жасынан бастап бет бұра бастапты.
– Әкем үйірмеге қатысып, домбырашы болғанымды қалайтын. Бастапқы кезде домбыраға деген қызығушылығым мүлдем болған жоқ. Бір күні теледидардан домбырашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұрагер Сауранбаев ағамыздың жеке концертін көріп қалдым. Концерт аяқталған соң барша көрермен қол соғып, жылы лебізін білдіріп жатты. Домбырашының таланты, шерткен күйінің күмбірі маған қатты әсер етті. Бұл жағдай қара домбыраға деген махаббатымды оятып, көзқарасымның өзгеруіне себепкер болды. Сөйтіп домбыраға ерекше ықыласпен әуестене бастадым. 
Менің бұл  қызығушылығым әкемді де ерекше қуантты. Бұған дейінгі бағдарламалау мамандығына деген таңдауым әкемнің ақ батасымен өнер жолына қарай ойыса берді.  2011 жылы Алматы қаласындағы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне күйші, Президент стипендиясының иегері Саят Ақбасовтың сыныбына түсіп, оны тамамдаған соң Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі дәстүрлі өнер факультетінің «Домбырашы» мамандығын профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Орынбай Дүйсен Кәрі- ғұлұлының сыныбында оқып шықтым», – дейді күйші. 

АРДА БИ
 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.