Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА КҮНДІЗГІ УАҚЫТТА ҮЙ ТОНАЙТЫН ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

6 тамыз 2020
САЯСАТ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА КҮНДІЗГІ УАҚЫТТА ҮЙ ТОНАЙТЫН ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының тәртіп сақшылары үй мүлкін ұрлап машықтанған кәнігі қылмыскерді құрықтады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмысқа жеке-дара баратын ұрыдан полиция қызметкерлері ондаған айғақзатты тәркіледі.

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері терезелер мен торларды бұзу арқылы он шақты пәтер ұрлығына қатысы бар ер адамды ұстады.

— Күдіктіні мүліктік қылмыстардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін әшкереледік. Күдікті күндізгі уақытта үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйлерді тонаған. Ұры бірнеше минут ішінде үйдің ішін шолып шығып, негізінен техника, ақша, алтын бұйымдарды және басқа алып жүруге ыңғайлы құнды дүниелерді қолды қылған. Оңай олжаға құныққан ол өзге үйлердегі қолға ілінген заттардың барлығын алып кете берген. Алдын ала тергеу басталған алғашқы күннің өзінде-ақ күдікті азаматтың біздің аудандағы бес пәтер ұрлығына қатысы бары дәлелденді. Қолды болған заттарға қарағанда кәнігі ұры өзге жерлерде де жымысқы әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде, — деп түйіндеді Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Сериялық ұры ұзақ уақыт пәтер ұрлығын кәсіп қылған Е.есімді 43 жастағы азамат болып шықты. «Күдікті кезекті рет бөтеннің мүлкін ұрлауға шыққанда қолға түсті. Ол Түрген ауылында орналасқан әкімшілік ғимараттардың біріне заңсыз кіріп, ноутбук ұрлап шыққан», — деп толықтырды полковник Талғат Сейілханов.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33
Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.