Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ: ҚОҚЫС ЖИНА ДА, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ

1 шілде 2020
КҮНДЕРЕК
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ: ҚОҚЫС ЖИНА ДА, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында полиэтилен пакеттерін жинауға бағытталған акция ұйымдастыруда. Аталған шара 1 және 3 шілде аралығында сағат 11:00-20:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Орталық, ботаникалық және «Жетісу» саябақтарында өтеді.

Акция Халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне арналып отыр. Өздеріңіз білетіндей, әлемнің көптеген елі осы күндері салафан пакеттерді пайдаланудан толығымен бас тартуды ұсынуда. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындарын экологиялық мәселелерді шешуге белсенді болуға және өз үлестерін қосады деген үмітте. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған пакеттер таза күйінде ғана қабылданып, олардың санын 20-дан асырғандарға арнайы сыйлық табысталады.

Екі күндік экологиялық акцияның қорытындысы ретінде шілде айының екінші жартысында, қазақстандық заманауи суретші Сәуле Сүлейменова жиналған пакеттерден көркем дүние жасап шығармақ. Кескіндеме «Жетісу» саябағындағы Шарын шатқалы жартасының қасына қойылады.

Айта кетерлігі, акция өтетін «Жетісу саябағы» Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай жетісулықтардың бас қалаға тарту еткен сыйы екені баршамызға мәлім. Бүгінде сол саябақ республикалық, халықаралық шаралар өтетін маңызды орынға айналып үлгерді. Бұл ретте аталған акцияның сол саябақтан басталып, соңғы қорытындысының тағы да сол жерде шығарылатындығы жерлестеріміз үшін де қуанышты дүние. Сондықтан, акцияға Нұр-Сұлтанда тұратын жерлестеріміз белсенді атсалысады деген үміттеміз.

«StopMusor» жобасы — тәрбиелік мәні зор жоба. Оның халықтың білімі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ, азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын айта кеткен жөн. Жуырда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» жобасының сайты мен қосымшасын да іске қосты. Сайтта пайдаланушылар жоба туралы, экология саласындағы соңғы жаңалықтар туралы, жоспарланған конкурстар мен іс-шаралар туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, мұнда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы және аймақтардағы қалдықтарды жинау және қайта өңдеу пункттері, құрамында сынап бар шамдарды жинау және кәдеге жарату мекенжайлары туралы пайдалы сілтемелерде бар.

Stopmusor.kz (үстінен басып кіре аласыз) сайты арқылы пайдаланушылар өз қаласындағы қаладағы қоқыс тастайтын жерлер, топырақтың ластануы, ормандарды шабу, атмосфераның ластануы, заңсыз құрылыс жұмыстары сияқты мәселелерге байланысты экошағым бере алады. Барлық шағым мен ұсыныс  ecokarta.kz қоғамдық экологиялық мониторинг порталында тіркеледі. Осы арқылы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының мамандары экологиялық проблемаларды сипатына қарай қала қызметтері мен уәкілетті ұйымдармен бірлесіп  шешуді қарастырады.

Аталмыш сайтта жоғарыда аталған акция туралы ақпараттарда орналастырылған. Сайттан басқа, осы науқан аясында ІOS және Android үшін StopMusor қосымшасы да іске қосылды. Пайдаланушы сайттағы ақпараттарды смартфондарға арналған ыңғайлы форматта қол жеткізе алады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.