Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАКӨЛДЕГІ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШТІ

24 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
АЛАКӨЛДЕГІ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл туристік басқа елдердегі карантинге байланысты Алакөлде демалушылар көп болу мүмкін. Осы орайда Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шомылу маусымы кезінде қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшуде.

Алакөл өңірінің құтқарушылары күн сайын төрт бағытта, оның ішінде Көктұма ауылындағы жағалаудың бойында адам шомылатын жерлерде судағы патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Ақши ауылындағы көлдің жағасында орналасқан құтқару стансысы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған, соның ішінде аквалангистік костюм, жүзу құралдары, тағы басқалары бар.

Әдетте, суға шомылу маусымы басталар алдында құтқарушылар жеке демалыс орындарының иелеріне сеніп тапсырылған жеке демалыс орындарының аумақтарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстарымен хат тапсырады.

Алакөл өңірінің құтқарушылары былтыр 46 адамды құтқарды, қаза болғандар жоқ. Биыл Ақши ауылының құтқарушыларымен 4 рет рейд жүзеге асырылды, оның ішінде Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде қар құрсауына түскен 7 адам құтқарылды.

Облыстық ТЖД қызметкерлері демалушылардың қайғылы оқиғаға ұшырамауы үшін барлық шараны қабылдауда. Осындай шешімнің бірі жыл сайын шомылу маусымы кезінде Ақши ауылында мобильді өрт сөндіру бекетін құру болды, мұндағы мақсат – өрт пайда болған жағдайда тез әрекет ету және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі Үшарал қаласында орналасқан, оған дейінгі қашықтық – 70 шақырым және Достық стансысында, оған дейінгі қашықтық 115 шақырымды құрайды.

Көлге жақын орналасқан өрт кезінде өрт сөндірушілерге көмекке құтқарушылар өз қайығымен келуі мүмкін. Қазіргі уақытта Ақши ауылының өрт сөндіру бекетінде қойылған міндеттерді орындауға дайын екі өрт сөндіру автоцистернасы бар. Жергілікті атқарушы органдармен Ақши ауылында өрт сөндіру бекетін салу жоспарланған. Құтқару стансысы тәулік бойы жұмыс істейді, жыл бойы онда 13 құтқарушы мен 4 өрт сөндіруші қызмет етеді.

Аталған департамент қызметкерлері азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Олар: шомылуға арналмаған жерлер мен мас күйінде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау, жүзу білмесе жағалаудан ұзап кетпеу қажет екенін ескертеді. Себебі, азаматтар мен балалардың қауіпсіздігі әр адамның өз қолында!

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.