Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«СОҒЫС ТУРАЛЫ АЙТПАЙТЫН»: БЕРЛИН ОПЕРАЦИЯСЫНА ҚАТЫСҚАН МАЙДАНГЕР

05.06.2020
РУХАНИЯТ
"СОҒЫС ТУРАЛЫ АЙТПАЙТЫН": БЕРЛИН ОПЕРАЦИЯСЫНА ҚАТЫСҚАН МАЙДАНГЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан 79 жыл бұрын, яғни, 1941 жылы маусымның 22-ші жұлдызында фашистік Германия шабуыл жасаспау туралы бейбіт келісімді бұзып, «Барбаросса» жоспары негізінде КСРО-ға тосыннан басып кірді. «Біздің ісіміз адал, Кеңес билігі жеңілуі керек, Жеңіс — біздікі!» деп үндеу таратқан Герман әскері Одақтың батыс бөлігінен дендеп еніп, санаулы айда Мәскеу түбіне жетеді. Осылайша, 1939 жылы басталған Екінші дүниежүзілік соғыстың ауқымы кеңейіп, Кеңестер одағын да толық шарпыды. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ аянбай шайқасты. Отан қорғау жолында жан қиды. Рухы биік қазақ халқы қан майданға баруға өз еркілерімен өтініш берді. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғысқа қазіргі таңда қандай пікір айтылса да, қазақстандық жауынгерлердің қосқан үлесі зор болды. Біз Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын ешқашан ұмытпаймыз. Оның ішінде, аласапыран майданда Жеңіс үшін қан кешкен бабаларымызға мәңгі бас иеміз.

Сондай батыр бабаларымыздың бірі — Жанатбек Елубаев 1907 жылы Ақсу ауданына қарасты Үлгілі ауылында дүниеге келген. Өмірлік жары Нұрғазила Елубаева екеуі он үш баланың қызығын көріп, отбасы бақытына бөленді. Майдангер соғысқа аттанғанға дейін ауылда мал шаруашылығы саласының қарапайым жұмысшысы болған.

Жанатбек 1941 жылы сұрапыл соғыс бастала салысымен қатарластарымен бірге қан майданға аттанудың қамына кіріседі. Ел мен жер тұтастығы үшін майданға кеткен ол 1945 жылдың қараша айында елге оралады. Миллондардың өмірін жалмаған соғыс Жеңіспен аяқталса да, жауынгер Жанатбек күздің соңына дейін қираған қалаларды қалыпқа келтіру жұмыстарына қалады. Елге оралғаннан кейін де ауыл жұмысына белсене араласып, өңірдің өркендеуіне, шаруашылық жұмыстарын жандандыруға үлкен еңбек сіңіреді. Жастық шағы қанды шайқаспен өткен майдангер үбірлі-шүбірлі ұрпағының алдында 85 жасында өмірден озады.

Соғысқа Ақсу аудандық әскери комиссариат бөлімшесінен аттанған Жанатбек Елубаев оқу-жаттығудан өтіп, 1942 жылдың сәуір айында Герман әскерімен бетпе-бет шайқасқа кіріседі. Алдымен №1 қазақстандық атқыштар бригадасының бөлімше құрамында соғыс жүргізеді. Кейіннен 1943 жылдың мамыр айынан 1945 жылдың қазан айына дейін №24 танк бригадасының сапында болады.

Қатардағы жауынгер, автоматшы Жанатбек Елубаев үш жыл соғыста талай жаудың сағын сындырып, Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Украина, Чехословакия, Польша елдерін азат етуде алдыңғы шептен көрінді. Алайда Отан үшін туған азамат отбасына оралғаннан кейін соғыста көрген-білгенін, жасаған ерлігін кеуде керіп айтуды құп көрмейтін. Соғыстағы сұмдықтарды кейінгі жас ұрпақ білмей өссе екен деп, ауыр күндерді еске ала бермейтін. Бұл оның адамдығы мен азаматтығының тағы бір қыры еді.

Жанатбек атаның қызы Гүлбаршын Жанатбекқызы соғыстың ауыртпалығын тартқан әкесі мен анасы жайлы:

– Әкеміз соғыс туралы көп еске ала бермейтін. Соғыс жайлы сұрағанда: «Бұл сұм соғыс сендерге келмесін. Мұндай соғысты көрмеңдер. Өте ауыр соғыс болды», — деп қана отыратын. Тек бір әңгімесінде Карпат тауы мен Днепр үшін болған шайқаста Кеңес әскерінің көп шығынға ұшырағандығы жайлы айтқан еді. Сол Днепрдегі шайқаста әкеміз ауыр жарақат алды. Немістің бір жауынгері маңдайынан дәлдеп атқан. Сонда Құдай сақтап, көздеген оқ иығына тиген. Саратовта әскери госпитальда ем алып шыққаннан кейін гвардия сапында болғанын айтатын. Ал анамыз қырманда тыл жұмыстарын істеген. Сонда Сталин: «Біз соғысты жеңеміз. Себебі, менің әлі сол қолым бар», — деп әйелдерді окоп қаздырып, сапта жүргізіп, оқу-жаттығу өткізіп, дайындаған екен. Анамыз сол жаттығуды көрді. Сондағы сол қол деп отырғаны әйел адамдар ғой, – деп еске алады.

Жеңіс үшін жан аямай соғысқан Жанатбек Елубаев әр адымы қауіпке толы, әр адымында айқыш-ұйқыш оқ ұшып жатқан жарты Еуропаны жаяу басып өтеді. Германияның астанасы, фашизмнің ошағына айналған Берлин қаласы үшін болған ауыр шайқастарға қатысады. Ерлігі еленіп, әр жылдары Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені, «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20, 40 жылдығы медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар, СССР Қарулы күштерінің 50, 70 жылдығы, «Тың жерлерді игергені үшін» төсбелгілерін кеудесіне тағады.

Тағы бір маңызды марапат — Прагадағы және Берлиндегі қанқұйлы шайқастарға қатысқаны үшін Жанатбек Елубаевқа Кеңес одағының жоғарғы бас қолбасшысы И.Сталиннің бұйрығымен Алғыстың жариялануы. Бүгінде майдангердің марапаттарын дәлелдейтін құжаттарының барлығы ұрпақтарының қолында сақтаулы. Немере-шөберелі Жанатбектей рухты жауынгерді, батыр атаны мақтан етеді. Оның өмір жолы, ерен ерліктері кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге.

– Соғыстан кейін өзі туып-өскен Үлгілі ауылында қарапайым жұмысшы болып ұжымшардың жұмыстарын істейді. 1959 жылы Қызылтаң қой кеңшары болып құрылғаннан кейін (қазіргі Ойтоған ауылы) зейнетке шыққанға дейін сол жерде қой бағады. 1991 жылы 26 мамырда 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, – дейді Гүлбаршын Жанатбекқызы.

«Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттердің өліп кеткенін көзіммен көрдім. Олар Тәуелсіздік үшін жаны мен тәнін аямастан соғысты. Имандары жолдас болсын», — деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, шынымен де, Отан қорғау жолында қаншама боздақтарымыз шейіт болды?! Бірі аяқтан, бірі қолдан, енді бірі көзден айырылып, мүгедек болып қайтты. Ана баласын, әйел арқасүйер ер азаматын, бала әкесін көрмеді. Әрине, осының бәрі Отан үшін, бейбіт өмір үшін, Жеңіс үшін еді. Өткен азапты да ерлікке толы жолдың естеліктерін халық ұмытпайды. Ол кісілер біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ұрпақтарына бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге мың алғыс!

Енді, біз бен келешек ұрпақтың мойнында үлкен жауапкершілік тұр. Күніне әлем мың құбылып жатқан мына заманда біз ұлттық болмысымызды, қазақилығымызды, ата-бабамыз жан қиып алып берген тәуелсіздігімізді сақтап қалуымыз керек.

Ақмарал АСХАТҚЫЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026
Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.