Талдықорған: +20°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРАТЫН 83 АППАРАТ ҚАЖЕТ

25 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРАТЫН 83 АППАРАТ ҚАЖЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен кезекті селекторлық отырыс өтті. Оған аудан, қала әкімдері, басқармалар мен департамент басшылары, мекеме өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров бірінші кезекте көктемгі дала жұмыстары туралы есеп берді. Серікжан Іслямұлы облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізу және бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бұл үшін резервтер барын, барлық жерде ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілетінін, тұрғындар сатып алатын қажеттері дүниелер жеткілікті екенін атап өтті.

Алайда облыстың бірқатар өңірінде әлі күнге көкөніс пен жеміс, жарма және басқа да өнімдер көрсеткіші анықталмаған. Нәтижесінде, бағаны заңсыз көтеру фактілері бар. Мұндай көрініс, мысалы, Сарқан ауданында байқалады. Амандық Ғаббасұлы жағдайды шұғыл түрде түзету қажеттігін атап өтті. Оған қоса, облыс аудандарында қажетті азық-түлік бағасы әр түрлі болуы дұрыс еместігін, бағаны бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, облыс басшысы шағын бизнеске қолдау көрсету, эпидемиологиялық жағдайға байланысты уақытша пайдаланылмайтын алаңның жалдау ақысын кейінге қалдыру немесе алып тастау үшін келіссөздер жүргізу қажеттігін тапсырды.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қазіргі кездегі өзекті мәселе — қауіпті дерттің алдын алу турасында сөз сөйледі. Оның айтуынша, бүгінде облысқа 27 жасанды тыныс алдыру аппараты (ИВЛ) жеткізіледі деп күтілуде. Алайда тағы да осындай 83 аппарат қажет. Қазірше аймақта жеткілікті төсек-орын бар. Қажет болған жағдайда оны 11 мыңға жеткізуге болады. 24 наурыздан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы тек қана қашықтықтан қызмет көрсетуге көшті. 26 наурыздан бастап барлық мектепке дейінгі мекемелер жабылады. Қазір ең бастысы – вирустың таралуына тосқауыл қою, жұқтыруды азайту.

Жиын барысында облыс басшысы тұрғындардың арасынан әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қажет ететінін анықтау қажет екенін атап өтті. Отырыста елді мекендерге кіреберістерде жұмыс істейтін өткізу пункттері қызметкерлерін ыстық тамақпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Жиында әрбір айтылған мәселе бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, олардың орындалу мерзімдері нақтыланды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30
Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Бүгін, 10:05
Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін, 09:30
Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Бүгін, 09:28
Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.