Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТОҚАЙ-ТАҒДЫР»: ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТАСЫ ТУРАЛЫ ШЕРЛІ КҮЙГЕ ТОЛҒАУ ЖАЗЫЛДЫ

26.01.2020
РУХАНИЯТ
"ТОҚАЙ-ТАҒДЫР": ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТАСЫ ТУРАЛЫ ШЕРЛІ КҮЙГЕ ТОЛҒАУ ЖАЗЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың детектив жанрының негізін салған жазушы екенін білгеніммен ол кісінің мынадай ауыр тағдырын естімеген едім. Баласы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әке туралы толғаныс» атты кітабын оқығаннан кейін ғана білдім. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қазақты қынадай қырған ашаршылық Тоқаевтар әулетін де айналып өтпепті. Кемелдің әкесі әйелі мен екі ұлын, бір қызын ертіп, іргелес жатқан қырғыз еліне, қазіргі Бішкек қаласына бас сауғалапты. Онда қазақ отбасын Яков, қазақша «Жақыпқа» айналып кеткен қожайын паналатады.

«Қожайынның үйінде жұмыс істеп жүрген күндердің бірінде атам еңбегіне алған ескі етікті нанға айырбастау үшін қала базарына барады. Жейтін бірдеңе іздеу мақсатында ағасы Қасыммен бірге әкем де базарға кетеді. Қалаға барар жолда оларды қаңғыбас балаларды жинап жүрген милиция патрулі тоқтатады. Нашар киінген екеуін тұл жетім – қаңғыбас балалар деп ойлап, оларды күшпен арбаға отырғызады. Балалардың қаңғыбас емеспіз, біздің ата-анамыз бар деген сөздеріне, жалынып-жалбарынғанына милиционерлер назар аудармайды. Бір сағаттан соң оларды жетімдерді қабылдайтын жерге әкеледі. Құжаттарын шұғыл рәсімдегеннен кейін балалар үйіне апарған. Осылайша әкем аз ғана ғұмыры қалған ата-аналарының көзі тірісінде-ақ жетім атанған. Сол қасіретті күні әжем үйде кіші қызымен қалады. Әкемнің қарындасы қатты суықтан қорғанып, пештің жанында ойнап отырған екен. Бір кезде аяғы тайып, жанып тұрған отқа түсіп кеткен. Сал болып төсекке таңылған ана сәбиіне қол ұшын соза алмайды. Туған баласы тірідей өрт құшағына оранған қасіретті оқиғаны көруден басқа дәрмені жоқ ана жүрегі де осынау жан шошырлық көрініске шыдай алмай, бірнеше минуттан кейін мәңгілік тыныс тапқан. Бір сұмдықты сезген атам мен Яков жүгіріп жеткен. Қайғылы оқиғаны көріп, әл-дәрмені құрыған атам әйелінің жанына тізерлей отырып, егіліп жылаған. Осы аралықта Яков пешке су шашып, одан жанып кеткен кыздың денесін шығарып алған. Яков атама әйелі мен қызын жерлеуге көмектескен, одан кейін екеуі жоғалған балаларды іздеуге шыққан. Ұзақ уақыт іздегенмен нәтиже болмаған. Бұл әйелі мен қызының өліміне қосымша тағы бір үлкен соққы болды. Оған қос ұлын қылмыскерлер немесе әлдекім құлдыққа алып кеткендей көрінеді. Ол кезде мұндайлар көп екен. Үйге әрең дегенде жеткен ол Яковке өмірдің мүлде мәні қалмағанын айтып мұңаяды. Балалардың бірі қайтып оралатын болса, қол ұшын беруді сұрайды. Сол түні атам үйден біржола кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Осылайша ол із-түзсіз жоғалған», – деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жүрек сырында.

Осы жолдарды оқығаннан кейін «Тоқай қарттың тағдыры не деген сұмдық ауыр еді» деп өксік буған көкірегім еріксіз күй тудырды. Күйімнің атын ғайыпқа сіңіп кеткен атамызға ескерткіш болсын деп «ТОҚАЙ-ТАҒДЫР» деп атадым. Жақында туған жерім Атырау облысына барған сапарымда осы күйімді тыңдаған сол елдегі ақын бауырымыз Таңатар Дәрелұлы менің күйіммен аттас толғау жазыпты. Домбыраның қос ішегіндей болған қос туындыны — күй нотасы мен толғауды Кемел Тоқайұлы туған жердің төл басылымы, қазақ баспасөзінің атасы, Алматы облыстық «Жетісу» газетіне ұсынғанды жөн көрдім.

Шәміл ӘБІЛТАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

                                                      

Шығардың қайдан ғана, Шәміл аға,
Күйзеліс орны толмас қаңыраған.
Өшкенмен шоғы қалған жай екен бұл, 
Білтесі тұтанғанмен шамы нала.

Бұл күйді қайдан тарттың, Шәміл ағам, 
Қазақ құсқан запыран мағына бар.
Күйіңнің өн бойында зар илейді,
Дәрменсіз ана байғұс аңыраған.

Бір құдірет бұл  шерге жет деді ме,
Күй болып телегейін кеш деді ме? 
Домбыра шерленгенде шектен шығып,
Дың етіп шегі үзіліп кетпеді ме?

Ер түгіл еңіретер ездерді де,
Көн жібір, тебірентер бездерді де.
Жан Алла бұл тарихты кезіктіріп,
Осылай бебеулетер кез келді ме?

Тірлікте сіз бітірген бір іс болды,
Солардың көз жасымен ырыс толды.
Ағажан, жұрт не десін, еркі өзінде,
Бұл күйді шығарғаның дұрыс болды.

Түсіндім, күйігі жан жонып жатыр, 
Халқымды қырған билік соңында тұр. 
Отыздың ойранында аштан кеткен, 
Қазақтың баянсыз бақ, соры жатыр.

Демейін ел көргеннің аз қыры ғой,
Созамын күйініштен жазғырып ой.
Бұл, аға, сені мұңға салып қойған,
Бір әулет – бар қазақтың тағдыры ғой.

Көрместен күй шалыпсың бір күн дамыл, 
Әйтеуір, кетпеген де үркіп жаның.
Сол шерді күй тілінде кестелеген,
Сен шындық, сен мықтысың, шіркін, Шәміл!

Қазаққа сол заманда көр тең бе еді,
Қу сүйек боп шашылар жол кең бе еді?
Қазандық астындағы қызыл отта,
Қара орман – қарындастың өртенгені.

Сал болып ана жатыр ана жерде, 
Тапқандары қаңғумен пана бер, – деп.
Бұл қорлыққа шыдамай шейіт кетті, 
Тітіренді көк аспан,  қара жер де.

Тоқай әке көз жаспен тоқтамады,
Қыз мүрдесін Яков қожа оттан алды. 
Әйелі, қызын тапсырып Жер-анаға,
Екі ұлын қайдан ғана жоқтамады?

Тоқай әке, қайғыны қанбай көсті, 
Шаңырағы бір сәтте шамдай өшті. 
Еңбегіне алған етікті пұлдау үшін,
Базарға кеткендегі жағдай осы.

Ағызған жай көзіңнен жоқ та бұлақ,
Ол бір күнде кім етсін көп дабыра.
Ойнап жүрген құйттай қыз оқыста бір, 
Қазан асты кеткен ғой отқа құлап.

Біз күйініп өткенге жайдық сана, 
Балапаным демейтін қай құс қана?
Бұл сұмдықта танытып дәрменсіздік, 
Шыбын жанын ұшырған байғұс ана!

«Тоқай – тағдыр», сен неткен ауыр едің, 
Тұлпар едің, шығарды жауыр етіп.
Әйелің мен қызыңнан айырылғанда,
Қос ұлыңның болғаны тәуір еді.

Бұлар дағы базарға келе жатқан,
Әке артынан аштықпен ере шапқан. 
Милиционерлер жол бойы ұстап алып, 
Жібермейді, жетімдер деп сене алмастан.

Бұл қос ұлан Қасым мен Кемел еді,
Базар маңға жете алмай бөгеледі.
Қызыл жаға жігіттер тыңдамайды,
«Ата-анамыз бар біздің», – деген еді.

Жоқ деуменен бұлардың нақ тұрағы, 
«Балалар үйіне» әкеп тапсырады.
Ырым-жырым киімі, екі аш бала,
Көздеріне еріксіз жас тұнады.

Оңайлықпен бақытқа кенелмеген,
Бар шындығы көңілден көнермеген. 
Детектив жанрында көш бастаған,
Осы біздің Тоқаев Кемел деген.

Тоқай әке іздейді қос ұланын,
Қанша жердің басумен топырағын.
Жер мен көктен қанша іздеп таба алмайды, 
Үміт өшкен жанардан жосыла мұң.

Былай дейді қожасы Яковке кеп: 
– Паналаттың, ризамын, бақытқа жет!
Қос ұлымның біреуі келіп жатса,
Көз қырыңды саларсың «ашықпа» деп.

Асылы олар құлдықта жүрген шығар,
Жан қалмады, білмеймін, кімнен сұрар.
Енді маған өмірдің мәні бар ма,
Одан әрі халім жоқ мүлдем шыдар.

Қалай дерсің Яковпен араласқан, 
Отызыншы жыл аштығы жалап жатқан. 
Тоқай баба өлмес қамы, Бішкек келсе,
Осы Жақып жұмыс беріп, паналатқан.

Қожасына көз жасын көлдетеді,
Басу айтсаң қандай бір сөз жетеді.
Қос бүлдіршін әкені көре алмайды,
Сол кеткеннен дерексіз, мол кетеді.

Маңдайыңа ащы сор солай жазды,
Қайғы – боран, қазбасты борай қазды.
Қай қуыста қалды екен қайран басың, 
Табыттан да ауырсың «Тоқай – тағдыр».

Түндік жауып құлатты мұржасын да, 
Жайратты аштық кедейін, мырзасын да.
Қан жауғызған қазақтың қасіреті, 
Пайымдасаң Тоқайдың бір басында.

Ащы шындық осқылар тиген жерді,
Ойға оралтып жазықсыз күйгендерді. 
Тоқай баба белгісіз кеткен болса, 
Қойдың, аға, ұмытылмас күймен белгі.

Бұл сыр емес, беймәлім бұрын жанға, 
Қуарғанбыз қу заман құбылғанда.
Мына күйің бір әулет баяны емес,
Зор ескерткіш – аштықтан қырылғанға!

Түнде ұйқым келмеді, күндіз күлкім, 
Өзегіме өрт түсіп, күрсіндірдің.
Ақ сүйек боп шашылған жарықтықтар, 
Риза болып жан рухы бір сілкінсін.

Қайран менің ардақтым, Шәміл ағам, 
Дүлділ күйің дүбірлеп, сан ұнаған. 
«Қурай сынбас құдайсыз» деген бар ғой, 
Жүрегіңе жағыпты шамын Аллаң.

Түрлі-түрлі санама сезім кірді,
Тоқай бабам елесі кезіп жүрді. 
Ата-анасыз жетім өскен қос ұланның, 
Жүректерін қарайған сезіндірдің.

Шексіз екен күй-тілің дана, керім,
Шәміл аға, өнерде дарам едің.
Қалай ғана өргенсің өн бойына,
Бұлақ болып құйылған ана шерін.

Естіген жан көз жасын бұлады ма,
Осы күйің мың күйге тұрады да.
Отқа оранған қаршадай сол бір қыздың, 
Үні келіп тұрғаны-ай құлағыма.

Сол кер заман қазақтан бұрылған ба, 
Кем болмасын жөн-жосық, ырымнан да. 
Күңіренген күйіңде күбірлейді,
Сол аштықта жағалай қырылғандар.

Жаңа көрген жандаймын таңды мына, 
Тасыттың-ау тебірентіп қанды құмар. 
Құрбандардың рухына күймен тағзым, 
Бұл аштыққа арналған мәңгі мұра.

Шәміл ағам, ұнайсың, ұнамайсың,
Шындықтан өзгеге құламайсың.
Қазынаңды асылға толтырыпсың,
Күйден өзге еш байлық құрамайтын.

Жан жүйесі дүниенің босайды-ай бір,
Құшағы кең Жер-ана тосардай сыр.
Шейіт кеткен ғұмырлар шер төгумен,
Жасайды ұзақ осы күй – «Тоқай – тағдыр».

Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ,

ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Атырау облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.